Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Елін даңғыл жолға салып, әрі жемқорлыққа батырған ең бай 10 диктатор

Блогтар

30.05.2017
8366

Елін даңғыл жолға салып, әрі жемқорлыққа батырған ең бай 10 диктатор

Елін даңғыл жолға салып, әрі жемқорлыққа батырған  ең бай 10 диктатор

Танымдық мақала

 

1. Муаммар Каддафи (Ливия)

 

Муаммар Каддафидің байлығын тәркілеген кезде әлемде біршама оқыс оқиға болғаны белгілі.  АҚШ, Каддафи жанұясының 30 млрд. доллар көлеміндегі инвестициясын шектеп, Канада 2,4 млрд. доллар, Австралия 1,7 млрд. доллар және Ұлыбритания 1 млрд. долларын тоқтатып тастады. 42 жылдық мерзімде басқарған Каддафидің  75 млрд-қа жуық байлыққа ие болғаны анықталды. Ол сол уақытта Ливияға 100 мың км. жол салды. Айтыңызшы, Каддафи жемқорлық жасаса осыншама жол салар ма еді? Міне, осы сұрақ әлі күнге дейін жауапсыз қалуда. Каддафи, 2011 жылы 20 қазанда саяси қарсыластары тарапынан көз жұмған.

 

 

2. Хосни Мүбәрәк (Мысыр)

Ол 30 жыл бойы Мысырды басқарды. Сол уақытта 70 млрд. долларлық байлыққа қол жеткізді. Не үшін? Өйткені, саудамен айналысу – тыйым салынған, президенттік еңбекақымен де өмір сүре алмады. Қайырымдылық істері үшін ақшаға қажеттілігі туды. Байғұс адам не істесін?! Мысыр президенті көшеде жүріп қол жайсын ба? Мысыр елбасшысының осындай болуы дұрыс па? Айып етпеңіз, мың жылдық Мысыр елінің басшысы көшеде жүріп қайыршылықпен айналыса алмайды. Қайыршы болғыңыз келсе, барып өзіңіз болыңыз. Халықтың 88% дауысын жинаған президент мұндай қадамға бара қоймас. Яғни, Мүбәрәктің айырмашылығы осында!

Жарайды, осынша уақыт Мысырға еңбек етіп еліне деген махаббаты сарқылмай Каир сенікі, Александрия менікі демей еңбек еткен бұл адам жемқорлық жасады ма? Жоқ, комиссия ұстап отырды. Не үшін? Өйткені дін ұстанған мысырлықтар ақшаны шашқанша “..ал тақсырым, бұл ақша қалтаңда тұрсын. Қажет кезде су құбыры, мешіт пен оқу орындар  соғып елді басқарасың” деген кезде, ол да қарсы келе алмады. Содан кейін түрлі жалған сөздер тарап, бір топ жастар твиттер фейк қолданушылар арқылы әлеуметтік желіде ұйымдасып шабуыл жасай бастады. “Tahrir, Mahrir” деп сыртқы және ішкі күштердің әсерінен байғұс басшы, бір кездері саяси соққыға душар болды. Мүбәрәктің жағдайынан нені аңғаруға болады? Дым білместей бейхабар болса оны құртады, тек күресе білуі керек..

      

 

3. Сухарто (Индонезия) 

Сухарто - Индонезияны 31 жыл  бойы басқарып, ұлттық ерікті күштің өкілі ретінде сайлауда әркез жеңіске жеткен әлем көшбасшыларының бірі болды. Ол кейбір опасыз қарсыластары  тарапынан “әлемнің келген-кеткен ең жемқор басшысы” ретінде танылған. Сухартоның бұл қасиетке ие болып болмағаны былай тұрсын, “мен әлемнің ең жемқор, ең ұры, ең қатыгез адамы боламын, құдай қаласа..”  деп осындай бір көзқарас қалыптастыра отырып ешкімді әсіресе қарсыластарын маңына да жуытпаған. Бұл аз болғандай Сухарто 35 млрд. долларлық байлық жинап барлық бәсекелестеріне қалағанын жасатқан.

Бірақ, әрине бұл жер - Индонезия. Бәрі ұрлық жасайды ма?  Ұрлық жасамаған қалды ма? Бәрі ұры. Сухарто ең болмағанда мұсылман адам еді. Намаз оқыған. “Жаңа тәртіп” атты мемлекет басқарған кезінде Индонезия елі жылына орташа 8% көлемінде дамыған.  Шынымен де, Индонезия Азияның  экономикалық жағынан ең мықты мемлекеттердің біріне айналды. Мемлекет басына келген кезде кедейшілік деңгейі 60% еді, бұл деңгейді 13%-ға азайтты. Индонезиядағы жұмыссыздықты тарихта ең төменгі деңгейге жеткізді әрі адамдардың сатып алулары да артты. Яғни, Сухарто басшы шынымен де бір жағынан даңғыл жол салса, екінші жағынан жемқорлыққа барды. Сосын экономикалық дағдарыс басталғанда бұл басшыға кінә тақты. Өзін үйқамаққа, ұлын да 15 жылға бас бостандығынан айырды. Өмірінің қалған бөлігін жемқорлық зерттеулері сияқты адамды жалықтыратын, тіпті ұлттық ерікті күшке соққы берген кейбір қарсыластарымен күресуге мәжбүр болды. Ал, 35 млрд. доллар ақша жымқырған көп пе? Барлығы жымқыруда. Құдай сақтасын!                                                                                                                                                                                                                                                                                       

4.  Али Абдалла Салех (Йемен)

Йеменді 30 жылға жуық үздіксіз басқарған Салех 32 млрд. долларлық байлыққа ие болған. Сол кезеңде Йеменнің дамуына үлкен ықпал еткенін айтсақ артық болмас. Басқарған жылдары елде үй телефоны абонент саны 100 мыңнан 1 млн. 100 мыңға, ұялы телефон болса 0-ден 13,9 млн. қолданушыға дейін жетті. Өкімет басына келген кезде интернет қолданушылар мүлдем жоқ еді, оның арқасында 2,5 млн. йемендік интернетке қол жеткізді. Елде жалпы 40 әуежай, 65 мың км. жол салды. Тұрақтылық орнады. Йемен дамуға бет алған сәтте 2012 жылы қызметін Абд Раббух Мансур Хадиге тапсырды. Енгізілген заңға байланысты өзіне өмір бақи қол сұғылмаушылығы бар және жасаған кінәлары себебінен айыпқа тартылмайды.

(Күннің өсиеті: өмір бақи қол сұғылмаушылықты қамтамасыз еткен бұл заң “ұлттық ерікті күшті” құқығын арыстандай қорғайды..)

 

 

5. Зейнел Абидин Бин Али  (Тунис)

Бір кездері атағы жер жарып тұрды. Қатысқан әр сайлауда 90%-дан астам дауысқа ие болды. Сайлауда Бин Алиге деген құрмет артты. Ұлттық ерікті күштің демеушілігімен қайта-қайта мемлекет басына келді. Содан кейін OTROP, Soros, Еуропа Одағы, АҚШ, Израиль, Түркия, Франция, Ямайка Әуе күштері, Хьюстон Орталық Zello ұйымы араға кірген кезде елден қашуға мәжбүр болған. Сырттай 35 жыл бас бостандығынан айырылды. Соңында 7 млрд. доллар байлығы қалған еді. Қаншалықты ақшасы азайтылып көрсетілсе де әйелінің 37 млн. долларға тең алтынды шетелге алып қашқаны белгілі болды.

 

 

6. Роберт Мугабе (Зимбабве)

Соңғы сайлауда 61%-ға жуық адам қызығарлық дауыс мөлшеріне ие Зимбабве ұлттық ерікті күшінің өкілі, бюрократиялық протекционизмнің дұшпаны, өмірін Зимбабве ұлтына арнаған тәуелсіз қаһарман басшы – Роберт Мугабе. Сонымен қатар, 1 млн.-нан аса өлілерге дауыс беру мүмкіншілігін берген. Осылайша, сайлауда тек бұл өмірде емес, о дүниеде де ие болған үлгі тұтар бір көшбасшы-мыс.

Біреуі 135 жасында және жүзден асқан жалпы 109 мың адамның өзіне деген құрметін сайлауда көрсеткен “Мықты ұлт басшы” Мугабенің 5-10 млрд. доллар ақшаға ие болғаны мәлім болды. Айта кетерлігі, Мугабе тек 2002 жылы мемлекет сатқындармен күресінде 40 мың адамды өлтірген. Сайлауда 42% дауыс жинаған Цвангирайды үлкен кездесуінде “мемлекет сатқыны” деп кінә тақты. Және өзіне демеушілік көрсетпеген БАҚ-тарды жапты. Мугабе ұлттық ерікті күшінің анық өкілі бола тұра сайлауға қатысып өзіне дауыс алу үшін жұмыс істейтін адамдарға ешқандай жаны ашымады. БАҚ-ты да болуы қажетті жабық түрде ұстады.

 

 

7. Омар Әл-Башир (Судан)

Дарфур қантөгісіне қол қойған Омар Әл-Баширдің 9 млрд. долларлық байлыққа қол жеткізгені анықталған. Оның бір ерекшелігі -  әлемдегі ең көп еңбекақы алған мемлекет басшысының болуы. Жылдық еңбекақысы 46 млн. долларға жуық. Яғни, Обамадан 12 есе көп мөлшерде. Суданда жұмыссыздық деңгейі 20% және адам басына түсетін табыс 2500 долларды құраған. 229 мемлекет ішінде 181-ші орында тұр. Есеп беретін басқару саласы,  ашықтық (айқындық), билік бөлінісі, тәуелсіз баспасөз, зайырлылық сияқты мәселелері көпке дейін болмаған Судан мемлекеті әлемді қызықтырып келген еді..

 

 

8.  Ким Жоң Ун  немесе Ким Чен Ын (Солтүстік Корея)

Солтүстік Кореяның жас диктаторының 5-10 млрд. доллар арасында байлығы болғаны анықталған. Әкесінің қояндарға, Швециялық жезөкшелерге және Hennesy коньяктарға әуес болғаны белгілі. Ал, өзінің тек Деннис Родманға және әскери алаңдарға қызығушылығы болды. Елде адам басына түсетін табыс - 1800 $. Солтүстік Корея жемқорлық индексі бойынша әлемде ең көп жемқорлық орнаған мемлекет болып есептеледі. Сонымен қатар, Солтүстік Корея әлемде баспасөз бостандығы бойынша 179 елдің ішінде 178-ші орында тұр.

 

 

9. Теодоро Обианг Нгема Мбасого (Экваторлық Гвинея)

Ол - 1995 жылы мұнай қоры табылғанға дейінгі әлемнің ұмыт қалған 700 мыңнан аса халқы бар диктаторлық шағын мемлекет – Экваторлық Гвинеяны 1979 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді. Байлығы 1 млрд. доллардан асып жығылады. Оны әлемнің басқа диктаторларына да үлгі болатыны айтылуда. Мбасогоны “өзі кез-келген бір адамды қалауымен өлтіре алады, өзінен есеп сұрамайды және сол себептен де тозаққа бармайды” дейді-міс.

Сонымен қатар Мбасого, “Экваторлық Гвинеяда кедейшілік деген нәрсенің болмаған, тек халық осындай жағдайда өмір сүруге үйреніп кеткен, яғни бұл - мәдени жағдаймен байланысты”,  деп тілге тиек еткен.

Тәңірмен тікелей әрі үздіксіз байланыста болған Мбасогоның басқаруындағы Экваторлық Гвинея халқының 60%-ы, күніне 1 доллардан біршама аз ақшаға жұмыс істеп, күндерін көреді екен.

 

 

10. Али Бонго Ондимба  (Габон)

Али Бонго Ондимбаның жалпы байлығы 1 млрд. доллардан асады және аз уақыттың ішінде Парижде 138 млн. долларға үй алған. Габон елі ЖІӨ-нің 25%-ын қалтасына басқаны дәлелденген. Айта кетерлігі, Габонда адам басына түсетін табыс 18 мың долларды құраған. Яғни, өнеркәсіп саласында 64%, қызмет көрсету саласында 32% қызметкер жұмыс істейді. Ал, инфляцияның деңгейі тек қана 2,7%-ды құраған. “Жемқорлық жасасақ халық үшін осыларды жасай алар ма едік” деген сұрақ болмағанымен, бірақ “Габон гүлденсін, елде тұрақтылық болсын” деп таңдау жасағандардың болғаны анық.  


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: