БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
04 мамыр 2017
3911
0
АИДА

Шығыс жақты тырнап өссе таңдарда ән,
Бір сезімді аңсап тұрар қанды арнам...
Бүгін тағы әлдене іздеп жүргендей,
Шаршап қайтты ішкі әлемім жолдардан.
Күміс бұлтын тербеп ұшты аспан тым,
Көкжиекте күн көңілін басқан мұң.
Жаңбыр исі аралап жүр ауаны,
Сәби үнін іздегендей жас талдың.
Ой арқалап өткен шақтар көп түннен,
Жас тамады кәрі қайыңнан бет тілген.
Көктем келді деп ғашықтар қыдырды,
Ешбір көктем көріп тұрған жоқпын мен.
Мәңгі бітпес сырлы ертегім жайында.
Көктем өңін көрсетпейді қайың да,
Өскеменге көктем қашан келеді,
Шыныңды айтшы, көктем қыз-ау, Аида?!
Пікір қалдыру: