Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Бізде ғашық болғанбыз

БЛОГТАР

11 мамыр 2022
618
0

Бізде ғашық болғанбыз

 

 (Әңгіме)
                                              


Көкте күн күлімдеп, күздің тағы бір алтын таңы арайлап атты, Шалғынбай шәйін ішіп әдемі дуәнби(қымбат матадан тігілген) кастюм шалбарын киіп, шайтан арбасына мініп, сиырдың тіліндей галустүгін тағып асығыс жолға шықты. Көше толы адам, абыр-сабыр сапырылысқан жүргінші. 

 

Шайтан арба бұл өңірде мінсең тұлпар, артсаң қара нар, бір үйдің ауыры мен жеңілі сол байқұстың мойнында. Дене шынықтыру пәнінен беретін Ершат пен Долқыннан басққа ешкім де спорт кимін кимей-ақ, дәл осы  Шалғынбайша туфлиын майлап, барын сайлап, шашын қайырып, ауын айырып әр күні үйінен шығады. Жетпіс мың қазақтың баласы оқитын аудандағы жалғыз орта мектепке кешікей тез жетуге асыққандар күн сайын осылай жарысады, өмір деген жарыстан тұрады. Үздік оқитын оқушылар екпеттеп құлап кетердей алға ұмтыла жылдам басады, артқы парта да отыратын оқушылар тартыншақтаған бұзаудай шалқая кербез басады. 

 

Шайтаншағының алды-артына ағаштан орындық жасатып балаларын мінгізіп алған жасамыс келіншектерде қара көбейтіп кетіп барады. Жаяулар сағатына бір қарап аяғы-аяғына тимей зулайды. Қызыл қоңыз сияқты таксилер анда-санда сегинал бере жандарынан өтеді, ішінде шашын енесі жалаған торпақтай қозы қарын маңқа қытай шіренеді, деседе көп көлік анау айтқандай көшде шұбырмайды. 

 

Ауланы тұндыра ащы шыққан қоңырау үнімен мектеп сілтідей тынды. Кезінде айдарынан жел есіп, саясаттан сабақ беретін бұрынғы мектеп директорының күйеу баласы Есім бүгінде қақпа күзетшісі. Сарала шапан киіп есікте отырған ол «қыз күндерін» сағына есіне ала өткен-кеткенге қарайды. Кешіккен оқушыларды тізіп алып, майдан айналдырған Долқынның бір.. екі.. бір... даусы ғана тыныштықты бұзып тұр.

 

Екінші сағаттық үлкен үзілісте Шалғынбай беліндегі шиқылдаған шақырғысына қарады. Досы Мұраттың нөмері. Қақпа алдына шығып қоңырау қайтарды. 20 ғасырдың соңында енді шыққан шақырғылар әлі ауданда көп адамың белінде жоқ...Шақырғысы шиқылдаса «мені іздеген адам бар» деп паңдана басатын кез...қыз біткен ондай жігіттке қызыға қарайды. Нарықтық экономика жандана, адамдардың ойлау жүйесі өзгерді, ақшасы барларға табына бастаған шақ... 

 

Бір күндік оқу аяқталды, Мұратта қақпа алдына дайын болыпты. Әкесінің емхана бастықтығы оның оқуын құрдымға жіберді. Сегіз сыныптан соң әкесінің қол астында запас кадр болған. Былтырдан бері оған тықыр таяп, кадрлық статусқа өту үшін Құлжаға мед колижіде ашылған қазақ ұлттық этно медцина бөліміне оқуға барған. Биыл екінші жыл, өз ауылына практикаға келе жатқан беті осы екен. 

 

Сан мың түсті нұр батыстан горизонтал бағытпен тарап жер бетіне басқаша рең береді. Мектептен қайтқан адамдар шоғыры жөңкіле аққан топан судай тасқындауда... Сағым ойнаған сәуленің арасында көктен түскен періштедей бөлекше бір сұлу қыз пайда бола кетті. Ертегідегі аққау бейнесінде келетін арудың дәл өзі, ерттелген аттай денесі ерксіз көз тартады, шымқай қара қодани костюм шалбары аппақ нұрлы жүзін одан сайын аша түскен. Кере қарыс кең маңдайы  күнге шағылыса жарық-жарық етеді. Мұратқа жымия амандасты. Жымиғандағы екі ұртының әдемі ұры шұңқыры Шалғынбайдың жүрегін дыр еткізді, үлкен де емес, кіші де емес құп жарасқан қыр мұрны сондай әдемі, бота көзі мөлдіріп төгіліп тұр, кең кеудесі, сұңғақ бойы, қолаң шашы, сымға тартқандай сымбатты бітімі мысық мұрт бала жігіт Шалғынбайды естен тандырды. 

 

Өне бойына өрт кеткен Шалғынбайдың құрсұлдері ғана состиып Мұратттың жанында қалды, даңғырлай сөйлеп жатқан досының әңгімесін еш түсінбеді... 

 

Мұрат оны кеудесінен түрте оятты. Алтын қыз қақпаның арғы шетінде әлде біреуді тосып тұр.... Су жаңа шайтан арбасыда өзіне арнап жасалғандай бек жарасымды. Қыздың аяғының жиегіне болымсыз жұққан шаңның өзі Шалғынбай үшін жаһұттай жарқылдады. «Бұл қыз кімді күтіп тұр?» деп, Шалғынбайдың іші қылпылдап тұр. Жеңіл басып қақпадан шыққан сары шашты кішкене қыз «әкпе» деп бас сала мойнына асылды. 

 

Бөлек факультте оқысада «жерлес аға» деп, кездескен сайын жымиа амандасып өтетін Алтынайға Мұрат жылдамдата жетіп қарындас бізбен бірге кешкі ас ішіп кетсең, деп өтініш жасады досының хәлін байқап. Тосын ұсынысқа тосылып қалған Алтынай, «жоқ аға, мен асығыспын» деген жауаппен паңдана кете барды. Қыз пәк болған сайын паңданады... «Жүрісі қандай әдемі. Кер маралдай керіледі» деп күбірлей тамсана артынан қарап тұрды Шалығынбай. Жер-әлем Шалғынбайға алғаш рет сондай әдемі көрінді, бәрі оған мейірлене қарап тұрғандай, «жердегі қара құмырысқаны басып кетпейін» деп жыбырлаған жәндіктерді аяп кетті. Қыз сиқыры...қыз магниті.... қыз жылуы.... қыз оты...қыз шоғы оның тура жүрегіне түсті...өнбойы бір ысып, бір суыды.... 

 

 

*** 

 

 

Шалғынбай қыз үйін нақты білмеседе сол маңға барып айнолсоқтайтын әдет тапты.... оны қыз еш білмейді... ол содан рахаттанады...олай етпеген күні ұйқысы келмей дөңбекшіп шығады. Бір күні апақ-сапақта өзіне таныс сол маңда жүргенде жуан балтырдан бірдеңе қыса қалды. Жалыт қарады. Артында үлкен қызыл төбет ит тетір айналып кетіп барады...Неге екені белгісіз Шалғынбай қабағат қуанды, жақсылыққа жорыды. Құдды қыз өзін сүйіп алғандай бақыттан шалқыды. Иттің артынан еріп сол үйге бірге барды...ит еш асықпай басып бір ауладан ішке енді....апасының «ит қапқанда өз жүнін күйдіріп сол қапқан жерге тарту керек, болмаса адам жаман кесел болады деген» даусы құлағында ызыңдады. Айғай салды, үйден адам шықты. Шалғынбай итіңіз балтырымды қанатты. Менің басқа дауым жоқ....ол ит...сіздер тек маған бір уыс жүнін қиып берсеңіздер болды деп өтініш жасады. Ит иесі ілезде итін ұрысып жүріп жүнін қиып күйдіріп аяғына тарып жақсылап таңып берді....Шалығынбай ақсаңдай басып қыз үшін берген бодауына қуана келіп үйіне білдірімей ұйқтады....сол күн түс көрді....

 

 

***

 

 

Жатсада тұрсада қиялына түнеген ғашығы түсінде өзін анадайда күтіп тұр, ол қуана оянды. Студент кезінде «менен көп сабақ сұрамаңдар, махаббатасып жүрмін» деген ағылшын тілінен беретін апайының сөзі есіне түсті. Иа, ғашықтық- ауыру. Барлық нәрсе ғашығының көзімен қарайды. Тезектің астындағы қара қоңызда оған сондай сүйкімді көрінді. Бала кезінде Мұқан ақсақалдың айтатын ертегісінде: бір кісі осы сиырдың жаппасының астынан шыққан қос мүйізді қызыл қоңызды Жартушы неге жаратты екен, бұл неге керек деп ой кешіпті. Аз күннен соң әлгі адам белгісіз ауыруға шалдығады. Бармаған жері жоқ, еш ем болмайды. Амалы таусылған ол халық емшісіне барады. Сенің жалғыз емің боқтың астында өмір сүретін қос мүйізді қоңыз, соны жесең жазыласың дегенде өзінің Жартушының ісіне араласқан келеңсіз ойына опық жеген екен дегені есіне түсті.Иа,бұл өмірде кездейсоқтық деген болмайды бәрі Алладан деп, Шалғынбай шаттанды. Көңілі тоқ болды, «Алла қаласа ертең-ақ сол бойжеткенге кездесем» деп үміттенді. 

 

 

***

 

 

Қытайлар бар күшін салып өздерін жаулаған монғолдарды алдымен қытайластырды, неге екені монғолдардың тілі барлық тілге бейім. Қытайшасы өлшемді, қазақшасы да бір ізді. Сондықтан да универді жаңа тауысқан ұзын бойлы арық монғол қызы қазақ балаларына қытай тілінен сабақ беруге келді, бойдақ қыз жатақханада жалғыз тұрды, аталарынан жоңғар шапқыншылығын көп естіген жігіттер бір-ақ түнде ала бурыл тартып келіп, есікті шағып қызды жалаңаштап терекке таңып кетіпті. Осы оқиғадан кейін мектеп ауласы тас түйін қоршалды. Өз елінде бай қытайлар қатын баласын ауылдарына тастап, «Батыс өңірді зор күшпен ашамыз деп» жаңа жерге келген беті ауданның қақ ортасындағы мектеп айналасына көзі түсті. Олар аса қымбат бағамен сатып алып зәулім сауда кешендері мен сан түрлі саудаға бейімдеген жалға беретін зәулім құрылыстарды тұрғызды. Бүгінде мектеп айналасы ығы-жығы адам, іздегеніңнің бәрі осы маңнан табылады. Сарала жапырақтар жерге түскен күні Шалғынбай аяқ киім алайын деп жұмыстан  ертерек шыға дүкенге жалғыз барды. Сұлбасы Алтынайға ұқсайтын қыз тетір қарап аяқ киім көріп тұр. Үлкен де емес, кішіде емес доп домалақ жамбасы женси шалбардың ішінде көзіне оттай басылды. Әйелдің бөксесі әу бастан ана болуға дайындалып бөлекше жаралған-ғой. Талдырмаш денесі тіптен есінен тандырды. Жанына жақындады иә, Алтынай, соның дәл өзі. 

 

-Сәлеметсіз.

 

-Сәлеметсіз. Сіз мені қайдан танисыз.

 

-Есіңізде болса, өткенде мектеп қақпасының алдында көрдім. Сіздермен бірге оқитын Мұратың досымын. 

 

Қыз үнсіз төмен қарады, екі бетінде қызыл нұр ойнап, домалақ жүзі сондай сұлуланып кетті. Аузы қандай оймақтай....көзі, қасы, қандай...»Жұмақтағы хор қыздары осындай болар» деп Шалғынбай шексіз сүйінді. 

 

Маған бір аяқ киім таңдап берсең қарындас.

 

Мынау қандай...

 

Қыз таңдаған сәлғана өкшесі бар қара бәтіңкені киген Шалғынбай дүниедегі ең бақытты адамға айналды. 

 

-Ал сен өзіңе ұнаған біреуін таңда деді жігіт.

 

Алтынай жетінші сыныпта оқып жүргенде латария билетінен кір жуғыш машина шыққан, сонда әкесі:«бұл дүниеде ешқашан тегін нәрсе жоқ»деп, алдырмай қойған. Қазір өзі аяқ киім алса бұл жігіт ақшасын төлеп жібергелі тұр. 

 

-Маған ұнаған аяқ киім жоқ екен.  

 

«Ал онда мен аяқ киімді жуып берейін саған» деп жігіт сөз тапты, екеуі кешкі шапақта дүкеннен шыға өздеріне жақын жердегі атақты Маметжан лағманханасына келді. Әп-сәтте буы бұрқырап қолдан созған лағман келді. Үстінде кілең ет, оның бетін жұмыртқа қымтай жапқан, дәмділігімен ауданға аты шыққан. «Ғашықтың тілі үнсіз тіл» деп екеуі де үнсіз, сыртта сөйлеп тұрған Шалғынбай ішке кіре жынын алған бақсыдай жуасып қалды, қарсы алдында отырған сұлу қызға құмарлана қарады, балаша езу тартты, жымиды, жігіт қараған сайын қыз төмен қарайды. Ұяты бетінен көрінді. Өзін, отбасын таныстырған жігіт туысым болып қалмасын деп, қызды ептеп сөзге салды....

 

Кере қарыс маңдайы жарқыраған қыздың болмыс бітімі бұл ауданның адамдарынан бөлекше, рең басы сондай таза және өзгеше нұрлы. Әжесі сонау Самарқан текті Қожаның ұрпағы болып шықты. Атасы кезінде ақын Көдек Маралбайұлымен бірге Тәшкен, Бұқар, Самарқан барып тапқан жары екен. Мағауия хандығы кезінде Кербала шайқасында Пайғамбарымыздың сүйкті немерелері Хасан мен Хусейін(р.а) шаһит болған соң ардақты Пайғамбарымыздың(с.а.у) ұрпақтары орта азия жеріне қоныс тепкені тарихтан белгілі дегенде Шалғыбайға Қыздің іші жылып сала берді. Қызда қуанды, жігіт текті жерден тарған ару қызбен кездескеніне қуанса, қызда өз алдында отырған дөңгелек жүзді, аққуба, ат жақты, көзінде оты бар оқыған білімді жгітпен кездескеніне қуанды.   

 

Ғашықтық оты лапылдап жанған Шалғынбай қыздың алдында қанаты күйген көбелектей күй кешіп, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп бүгежектей ебі қаша берді. Қызды жақсы көргені сондай, оның бір тал шашын майыстырмауға іштей өз нәпсісімен серттесті. Ғашығың сен үшін аспадағы алтын жұлдыз, оны тек бағалап, қадірлеп аялауға міндеттің. Сұю деген міне осы. Өз салмағын жоғалтқан жігіт кібіртіктеп ештеңе айта алмады. Мың ойланып, жүз толғанып ақыры «мен сізді жақсы көріп қалдым» деп, зорға айтты. Қыздың екі беті ду етіп күлгін нұр бөлменің ішін жарық еткізді, кең маңдайы одан бетер жарқырап кетті. Үндемеген үйдей жауап деген осы, «ашуландырып алдым ба?» деген қорқынышынан әзер айықты. Далаға шықты, мақпал түн, көше шырақтары жанған. Жұлдыздар қуана жымың-жымың етеді. Айда бұларды құттықтағандай күлімдеп тұр, ағаштар болмашы күзгі самалмен бір біріне сыбырлап қызбен жігіттің адалдығын, шын сүйгенін жеткізіп өзара бөлісіп тұрғандай. Мүлде басқаша әлем. 

 

Үйіне жеткізіп қойды, қолын кеудесіне қойып үнсіз бас изей қоштасты жігіт, былай шыға өзін жазғырды «жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың өзі болдым», неге сонша үнім ішіме түсіп кетті. Ез, ынжық жігіт екен деп, қалмаса болды-ау, қыздар негізі өжет, лапылдап тұрған жігітті жақсы көреді деуші еді. Неде болса қыз үйінің телефонын алғанына қуанды.

 

 

*** 

 

 

Досы Мұрат екеуі Алтынайды ертіп шығып сәнді сарайда, аспа-төк дастарханда, төре табақ тауық етін жеп бір қайтты. 

 

Шалғынбай енді қыздың практика көріп жатқан емханасына кештете барып үйіне жеткізіп жүрді. Бірақ екеуі еш қол ұстаспады, қарңғы түнде де өте жабысып жақын жүрмейді. Жанында Алтынай барда Шалғынбайдың айналасы нұрға толып, бақыттан басы айналып өзін қоярға жер таппай кетеді. Тағы бір күні Алтынайды үйіне ертіп барды, әжем ауырып қалыпты әкем інімді ертіп ауылға үлкен үйге кеткен, менен басқа үйде ешкім жоқ, әкпем бар еді ол келмепті, оның құрбылары көп кейде келмей қалды... деп күмілжи тіл қатты қыз. Анасы қайтыс болып, әкесі жарыма екі дүниеде адал боламын, қыздарымды өгей шешенің қолында еш уақытта жәутеңдетпеймін деп, үйленбепті. 

 

Сасқалақтаған жігіт «онда мен сені қорқытпай жаныңда болайын» деп  қалды, қыз тағы үнсіз қалды. Сол күн Шалғынбай қыздың жанында қонды. Алма мойын ару қасында жатыр. «Алтынайымның бір тал шашын майыстырмаймын» деп өзіне берген сертін қайта-қайта есіне алды, жанында жатқан қызға еш қол созбады. Сан ойлар мазалады, өзін зорға тежеп жатыр, шын сүю, махаббат деген осы шығар. «Ертең үйленсем жақсы, егер тағдырма бұл қызбен үйлену жазылмаса, байқұс қызға болшақ жары өмір бойы бетіне салық етер» деп оны айап кетті... Иа, бұл сенің жарың, үйленесің, одан ажырап қалмауың үшін осы орайда құшағыңа ал, деген нәпсісі тоқтаусыз сыбырлай берді, жыланы жыбырлап інінің аузында қыдыип тұрды, қараңғы түн, қызда үнсіз, жігітте үнсіз өзідерімен өздері сөйлесіп жатыр, қыз кет ары емес сияқты... «үйде ешкім жоқ дегенді айтқанда-ақ, қыз өзін арнады саған дейді» сыбырлаған шайтан....»жо...жоқ, Алтынай ондай қыз емес, ол көкте нұрдан жаралған, кіршіксіз  пәк қыз... маған сенген соң айтты» деп қызды ақтады Шалғынбай. Жігітті тағы сол нәпсісі мен шайтаны екеулеп тоқтаусыз мазалай берді.... «Мен Алтынайымды сондай жақсы көрем, ақ некеміз қиылмайынша оның қолында ұстамаймын, оны осылай сүйдім, осылай аялаймын» деп тісін тісіне басып зорға жатты. Қыз әлде қашан жеңіл пысылдап ұйқтап кетті. Шалғынбай басын көтере қызға қарады, айдай нұры үйдің ішін жарқыратып тұр, оймақтай аузынан сүйіп алғысы келді, өзіне берген серті есіне түсіп әзер тоқтады. Шалғынбай шыдамады, ақыры болмаған соң Алтынайды ойлап, қолымен ләзаттана сол бір тамшы лат суды сыртқа шығарды да көз шырымын алды. «Көршілері көріп әңгіме болмасын» деп, қызды ойлаған Шалғынбай таң атпай, жерге жарық түспей, қыздың да ұйқысын бөлмей, елге көрінбей кетіп қалды. 

 

 

***

 

 

Төбеде күні, жүрегінде махаббат сезімі тасқындаған Шалғынбай кештете Алтынайдың жұмысына қарай қадам басты, сондай жеңіл жүрді, құдды көкте үшіп келе жатқандай, сол түннен кейін Алтынай Шалғынбайға туған ағасына сенгендей сеніп кетті. Практикасы бітіп оқуына Құлжаға барғанда жиі-жиі барып тұрды, қонақ үйге бірге жатты, шашына қолы байқамай тиіп кетсе өне бойы дір етіп, шошып оянды. Жанында жатқан аруды аялай жүрегімен елжірей сүйіп, балқып ұйқтады. 

 

Махаббат деген ескі нәрсе бірақ оны әр жүрек жаңартып отырады, тағдыр сыйлаған ақ жүзді аруға көп шүкіршілік етті, соған қуанды, ерте есейген достары ерте мұңданды, ащы судың айналасында «күнім-жаным» деп жыласа, бір ақын досының «әй сен қыз сен бе бәлем, бүлдірдің бақытымды көрген әрең деп» дүңгеннің арық қызына жазған өлеңі бүкіл ауданға хит болды, сол кезде Шалғынбай бұл барып тұрған «әлсіздік» деуші еді, міне енді өзі сол әлсізге айналды. Сол ақын досы кейін үйлі-баранды болып көп қабатты үйге зорға қолы жетіп көшіп барса тура қарсы беттегі көршісінің әйелі сол өзі өлең жазған арық қыз болып шықпасы бар ма. Ол өлеңін студент кезінде сұр бойдақ шағында жазған, сөзге жан бітті деген осы болса керек. Шын махаббат тек мейірлі, адал адамгершілі жоғары жандарға тән қасиет. Өткінші  өмірде адам болып шын ғашық болмау ол өкініш. 

 

Шалғынбай апта соңына ғашығын сағына зорға жетіп Құлжаға тартып отыратынды шығарды. Өстіп жүргенде Қазақстанға көшетіндерің қарасы көп болмаса да екеудің басы қосылса тарихи отандары туралы әңгіме айтыса бастады. Шалғынбай ел қатары паспорт жасатуға делдал шалға ақшасын беріп қойған, олда қолына шақыру қағазын әкеліп тапсырды. Аудандық сақшыға құжаттарын өткізіп қазақтың жалғыз отанына кетуге іштей қам жасады. 

 

-Жаным Алтыным менің, біз Қазақстанға кетеміз. Қыз үнсіз.

 

-Қазақтың өз отаны бар, ол Қазақстан. Қыз тағы үнсіз.

 

-Неге үндемейсің жаным-ау. Қыз егіле жылады.

 

-Не болды саған. Сен жылама, бізді ешкім бөле алмайды. 

 

-Әкемнің Қазақстан туралы көзқарасы мүлде басқа, «екі адам қалса мен соның біреуі болып осында қаламын, біреу болса мен сол қалған қазақ деп» өткенде бізге таңғы шайдың үстіде айтқан. Оны неге айтқанын білмеймін.

 

Жігітте үнсіз, қалың ойдың ішіне қамалды. 

 

-Әкеңнің ойы өзгереді. Мен саған шақыру қағаз алдырайын, сосын әкеңе айтпай паспорт жасата берейік. Тегі әкең көнбесе мен сені Қазақстанға алып қашамын.

 

-Әке ризалығынсыз біз қалай бақытты боламыз, баяғы үйін тастап қашқан ғашықтардың тағдырын менен жақсы білесің деп қыз томсырайа қалды. 

 

Қызда үнсіз, жігітте үнсіз өксіп таң атырды. Құлан иектеп тағы бір таң атты. 

 

 

*** 

 

 

Қыз әкесі қызының қазақстанға кеутуіне мүлде қосылмады. Шалғынбай Алматыға екі барып қайтып келді, ол жақта оқуғада түсіп үлгірді. Өз әулетіне, нағашыларына шақыру қағаз әкеліп көш бойынша құжаттар жасатты. Әулетімен көшіп кетер уақыты таяды. Дос жарындарын шақырып Шалғынбай рестронда көшу шай берді. Содан кейін қызын ертіп үйіне жеткізген Шалғынбай қарңғы түнді жамлып қызын тұңғыш рет құшақтады. Маңдайынан искеді, одан ары баруға оның ары бармады. Оны аяды, Алтынай Шалғынбайдың аспан көгіндегі жарық жұлдызы, мәңгілік күш берер таусылмас азығы. Қызын қатты қысып құшақап таң атырды. Сенсіз өмір маған....Қыз жылады....жігіт үнсіз шекесінен искеді... 

 

Шалғынбай үйін көшіріп әкеліп Алматы маңына қоныстандырды. Ол әр кез қызы екеуінің бірге түскен суретін жанынан еш тастамай алып жүрді, соған тесіле қарайды, қандай әдемі, қарған сайын көзі тоймайды, қарай бергісі келеді, қарай бергісі келді, ақ шапан, қызы қоңыр шалбары өзіне құп жарасқан, салалы сүйрік саусақтары оны Алматы көшесінде тұратын жаман қыздардан сақтады. Ғашығын сағына құстай ұшып кетуді ойлады. Ақыры болмады бәрін тастап қыз жанына келді.
Қыз әкпесінің үйінде ешкім жоқ екен, Алтынай жігітін сонда шақырды. Екеуі бір біріне қарап тоймай отырды. Бас салып қызын сүйгісі келеді, бірақ оны арсыз, ұятсыз нәпсінің еркіне бергісі келмеді, Алтын айын одан жоғары қойды. Еркелей назданған қыз «мен сен туралы апама айттым, ол кісі ертіп кел көрейін» деді.

 

Нұрлы жүзді әже Шалғынбай келгенде орнынан тік тұрып қарсы алды, шекесінен искей амандасты. Жігіттің екі бетті оттай жанып ұялды. Алтынай қатты қуанды. 

 

Шалғынбай тіке туыстарына айтты. Қыз үйіне құдалық сөйлесіп барып, сосын әке-шешсі де келіп үйленудің қарекетін жасауды жоспарлады. Алайда қыз әкесі қызын Шалғынбайға бермеуге қатты бекіп барлық жоспарды бұзды. Қызын үйге қамап қойды. Шалғынбай Алматыға келді....Әлі қыз суреті қолында қимай тесіле қарайды.... 

 

 

***

 

 

Шалғынбай қазір елуге таяды, Алытынай әлі оған сол он сегіз. Отбасындағы ит өмірден биік тұрған ғашығын баяғы суретіне қарап еске алады. Үйленбегеніне қуанды, мүмкін қазан-ошақтың басындағы болымсыз күйбең тірліктен асылын көргісі келмейді, алда-жалда болмашыға ренжіссе мына дүниеден мән кетер....

 

Иа,үйленбегіне қуанды, Алтынайды ол түнде айдың бетінен көреді, иен далада даусын естиді...таңғы салқын самалда оның нәзік күкісі құлағына сыңғырлай жиі келеді...жел қыз күлкісін алысқа бірде алып кетседе, бірде қайта әкеледі.... Шалғынбай судың сарылынан оның алыстан салған әсем әнін естиді....Құстар қыз сәлемін жеткізгендей көп сайрады....баяғы жұлдыздар тағы жымың қаға қарайды....Шалғынбай бақытты.... «ғашықтық үйленбеумен құнды...үйленсе ол жерленеді»....деп күмбірледі.   


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha