БЛОГТАР
БАРЛЫҒЫ
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
28 қараша 2021
154
0
БАҚЫТ ҚҰС
Шашубай ШАЙМЕРДЕН
— Тоқ–тоқ!
— Бұл кім? Бұл қай иттің баласы?
Таң алдында кімнің бар ед аласы?
Жер астының сұраймысың байлығын?
Бұһараның оларға жоқ таласы!
Иә, мүмкін, ойым басқа шамасы,
Емеспін мен жәй қазақтың баласы.
Білем, нашар жағдайлары халықтың,
Оның менен алыстау ғой арасы.
Сіз қай топтансыз? Партияңыз жағынған?
Миллиардер болсамдағы ағылған,
Менде ақша жоқ! Шет елдегі банкте,
Сақтық керек, адам көп қой қағынған!
— Мен құсы едім, ұшып жүрген бақыттың!
Қарамаппын ертесіне уақыттың.
Қонайын деп бір адамның басына,
Кешіріңіз, басқа есікті қағыппын!
2005
Пікір қалдыру: