Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Амантай Сатаев

Амантай Сатаев

Амантай Сатаев (1933–2003)  25 қазанда қазіргі Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Ерейментау ауданының «Ленинский» кеңшарындағы Шәкей ауылында туған. Мәскеудің тарихи архив институтын бітірген. Журналистік қызметін Қарағандының облыстық газеті «Советтік Қарағандыда» бастап, «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» секілді басылымдарда біраз жыл қызмет еткен. «Қазақфильм» студиясында редактор болған. 1963–1967 жж. Тың өлкесіндегі телевидениеде әдеби-драмалық редакциясының аға редакторы болып қызмет атқарған. 1967 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсына түсіп, оның драматургия бөлімінде оқыған. 1969 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағында драматургия және кинодраматургия секциясының меңгерушісі болды. 1956 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық 3-ші кеңесінің делегаты.

Жазушылық жолын драматургия жанрында бастаған. 1957 жылы «Жұлдыз» журналында күйші Құрманғазы Сағырбаевтың өміріне арналған «Дала күйлері» атты киносценарийі жарияланды. Сол жылы Қазақстанның жасөспірімдер театры, сондай-ақ басқа да облыстық театрлар «Ақ бөпе» атты пьесасын сахнаға шығарды. Қ.Мұхамеджановпен бірге жазған «Белгілі белестер» атты киносценарийі республикалық конкурстың бәйгесіне ие болды. 1971 жылы С.Мұқановпен бірлесіп жазған «Ботагөз» тарихи-революциялық драмасын Қазақстанның жасөспірімдер театры сахнаға шығарған. «Бір шаңырақ астында» атты пьесасы орыс тілінде Мәскеуде, грузин тілінде Тбилисиде басылып шықты. «Ажал вагонының тұтқыны» атты революциялық драмасын Семейдің Абай атындағы облыстық драма театры сахналады.

Шығармалары: Аққуды атпас болар. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Дала күйлері. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Ақын ізі. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1970; Қырық қарлығаш. Новелла. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1971.


Podcasts

Көп оқылғандар