Бейбіт Қойшыбаев
Бейбіт Қойшыбаев - 1945 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам (Саудакент) ауылында туған.
1968 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген. Сол жылы Байқадам селолық кәсіптік-техникалық училищесінде сабақ берді. 1969-71 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің республикалық «Казсельхозтехника» бірлестігінде жаңа техника енгізу басқармасының рационализаторлық пен өнертапқыштық бойынша инженері, жаңа техника енгізу жөніндегі аға инженері қызметтерін атқарды. 1971-75 жж. Алматы облыстық комсомол комитетінде кәсіптік-техникалық білім беру секторының меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде насихат бөлімінің лекторы болды. 1975-80 жж. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің жауапты хатшысы, редакторы, 1980-83 жж.
«Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы, 1983-85 жж. «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, 1985- 87 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының аппаратында аға редактор, 1987-88 жж. шығармашылық жұмыста, 1988-89 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990-91 жж. «Денсаулық» журналының бас редакторы, 1991-96 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы (1992-96), «Тіршілік» журналының бас редакторы (1994-96), «Әдеби қор жаршысы» газетінің бас редакторы (1996), 1997 жылы «Zaman-Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болды, ҚР Экономика және сауда министрлігі Автор құқықтарын қорғау агенттігінің бас басқармасын басқарды. 1998-2001 жж. «Діл» газетінің тілшісі, 2002-03 жж. Қазақ энциклопедиясында ғылыми бақылау редакциясының жетекші маманы, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы, «Тарих және саясат» газеті бас редакторының орынбасары, 2003-05 жж. «Заңгер» журналының жауапты редакторы, 2006-08 жж. «Жаңа ғасыр» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторының міндетін атқарушы, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, «Ана тілі» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Қазіргі кезде Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті мен «Жалын» альманахы беттерінде алғаш «Кемпірқосақ көк аспан» атты әңгімесімен көрінді.
«Бақытты болғым келеді» атты тұңғыш повесі 1995 жылы жарық көрді.
2003 – 04 жж. балалар үшін арнайы бағдарламамен «Шикула» баспасы шығарған «Нұрсәуле» сериясының 14 кітабын аударған. Жекелеген әңгімелері орыс, беларусь, қытай тілдеріне аударылған.
Тарих ғылымдарының кандидаты (2002). Жамбыл облысы Сарысу ауданының Құрметті азаматы (2007). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1980), ҚР «Құрмет» орденімен (2006) марапатталаған.
Шығармалары: «Ленин өсиеттеріне берікпіз». Публицистика. 1974; «Жастардың Коммунистік интернационалы және революциялық дәстүрлері». Публицистика. 1974; «Интернационализм – біздің туымыз». Публицистика. 1976; Ай нұры. Повестер. 1977; Алтын діңгек. Повестер мен әңгімелер. 1979; Комсомол ордендері. Балаларға арналған әңгімелер. 1980; Киелі мұра. Роман. 1983; Қара алтын қайдан шығады? Балаларға арналған әңгімелер. 1984; Шаг к любви. Повести и рассказы. Перевод Надежды Поведенок. 1984; Жас қалам. Балаларға арналған әңгімелер. 1985; Дүние кілт. Роман. 1987; Біз табысар қиырлар. Повестер мен әңгімелер. 1990; Саттар Ерубаев. Повесть, публицистика. 1993; Бақытжан Қаратаев. Тарихи миниатюралардан тұратын роман. 1993; 1905 жыл.
Роман-хроника. 1993; Жазықсыз жапа шеккендер. Зерттеулер. 1990; Рух. Зерттеулер. 1993; Ар-Қуат. Публицистикалық хроника. 2000; Ұлт театры шаңырағын көтеруші. 2000; Әлихан Бөкейханов. 2001; Сен ғана. Роман. 2002; Рух – Сарай. Танымды туындылар топтамасы, 1 – 4 кітаптар. 2004 – 2008.
Көп оқылғандар
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…