Қажығали Мұханбетқалиұлы
Қажығали Мұханбетқалиұлы (1942-2020) - 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Кемерши ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1965). Одан кейін Ақтөбе облыстық Радио және телевидение комитетінде, «Коммунизм жолы» газетінде, Алматыдағы «Қазақстан» баспасында, республикалық әдеби журнал «Жұлдызда», «Қазақ әдебиеті» газетінде әртүрлі жауапты жұмыстарда болды; орыс-қазақ тілдерінде шығатын «Жаңа фильм» – «Новый фильм» журналдарының бас редакторы қызметін атқарды.
Шығармашылық жолы 1963 жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіндегі «Жөке ата» деген әңгімесінен басталып, «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Жаңғырық» атты әңгімелер мен хикаяттар жинақтары шыққан. Осы жылдары Л.Толстойдың, Р.Акутагаваның, С.Моэмның, П.Мерименің, Ги де Мопассанның әңгімелерін аударды. Өзінің туындылары бірқатар шет елдер тілдеріне аударылды. «Шағын жанрдың шалқар көкжиегі» атты мақала жазып, көп ұзамай «Тоғысар арнамыз бір толғанғанда...» атты әдеби-сын, зерттеулер, ізденістер кітабын шығарды. 2012 жылы «Тар кезең» атты тарихи романы жарық көрді. Бұл – ХVІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы Сырым Датұлы бастаған жанкешті күрес туралы туынды. Автор осы романы үшін 2014 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды, 2017 жылы романның орысша аудармасы үшін оған Халықаралық Қазақ ПЕН-клубы сыйлығы берілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). Мерейтойлық медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған (2013). Өзі туған Байғанин ауданының Құрметті азаматы (2002).
Шығармалары: Жұлдызды түндер. Әңгімелер, «Жазушы» баспасы, 1972; Тоғай сыбдыры. Повестер мен әңгімелер, «Жазушы» 1974; Жаңғырық. Әңгімелер мен повестер, «Жалын», 1978; Старые друзья. Рассказы и повести, «Жазушы», 1981; Қайдасың сен, махаббат? Әңгімелер мен повестер, «Жалын», 1984; Дороги жизни. Рассказы и повести, «Жазушы», 1986; Сынық терезе. Әңгімелер,«Елорда» баспасы, 2003; Жалғыз жиен. Әңгімелер мен повестер,«Жазушы», 2005; Алабұға, аққайран.«Бауыр», 2008; Тоғысар арнамыз бір толғанғанда. «Балауса» баспасы, 2010; Тар кезең. Тарихи роман.«Мерекенің баспалар үйі», 2012; Шығармалары: І, ІІ, ІІІ, ІV том, 2015, «Қазақ энциклопедиясы» баспасы; Төрт томдық таңдамалы шығармалар жинағы, «Мереке» баспасы, 2018.
Көп оқылғандар
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Юй Хуа. Соқыр ішек
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…