Көсемәлі Сәттібайұлы (3.2. 1959 жылы туылған, Талас ауданы, Амангелді ауылы) – жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1985). 1977 – 79 жылдары Талас ауданы Жданов атындағы кеңшарда құрылысшы, 1981 – 86 жылдары Талас ауданы «Ленин жолы» («Талас тынысы») газетінде тілші, 1986 – 91 жылдары облыстық «Еңбек туы» («Ақ жол») газетінде тілші, 1991 – 94 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі, 1994 – 97 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі, 1998 жылдан республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі. «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар», «Шаншу, көк шелек, мен және Асқар ақын», «Шеткері үйдің жарығы», «Елгезек Бағдаршамның басынан кешкендері», «Күнге ғашық өлкеде» және «Тараздан тәбәрік» атты кітаптары жарық көрген. «Бастау», «Қазақ палуандары» атты ұжымдық жинақтарға хикаялары мен эсселері енген. Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Көп талқыланғандар
Мұқағали Мақатаев. ...Деген екен