Дүкенбай Досжан
Дүкенбай Досжан (1942–2013)
1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында туған. 1964 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды үздік аяқтаған. 1963-66 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1966-75 жж. Алматыдағы мемлекеттік «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1976-84 жж. ҚР Баспа комитетінде аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1984-91 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, 1992-94 жж. «Жалын» журналында аға редактор, 1994-96 жж. ҚР Авторлық және аралас құқықтар жөніндегі агенттіктің бөлім бастығы, 1996-2002 жж. ҚР Ұлттық банк мұражайының директоры, 2002 жылдан «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналының бас редакторы болып қызмет еткен.
Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрген. 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 60 жылдай жабулы мұрағатына алғаш енген жазушы сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы Желтоқсан қырғынының қанды ізімен «Алаң» (1993) романын жазды.
«Жібек жолы», «Отырар», «Фараби», «Зауал», «Дария», «Табалдырығыңа табын», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Кісі ақысы», «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997), «Дала гладиаторлары» (2000), «Ақ Орда» (2005), «Үш тағдыр» (2005), «Бабалықпен тілдесу», «Диолог с детством» (2005, І-ІІ том), «Жан тәтті» (2006), «Астананың бас архитекторы» (2007), «Жазмыштың формуласы» (2008), «Абайдың рухы» (2008), «Терезенің жарығы» (2009), «Когда я умирал» (2009) атты кітаптары жарық көрген. Әлемнің 20 тілінде жеке жинақтары шыққан. 1990 жылы 2 томдық таңдамалы шығармалары («Жазушы»), 2002-03 жж. 13 томдық шығармалар жинағы («Білім») оқырмандар қолына тиді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987). Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы. «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.
1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған. Есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3-томына, «Абай энциклопедиясына», Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.
Көп оқылғандар
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Баланы бауырына басты, қазақ не тапты?
Қазақ прозасы биіктен басталған...
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Ұстаз мерейі
Мия Алгожаева. Жер салқын (мистикалық әңгіме)
«Алматы ашық әдебиет» мектебі қандай мектеп?
"Бүгінгі қазақ әдебиеті жүз жылдықтармен өлшенеді..."
Алтай асқан армандарға асығам
«Көркемтаймен» қайта қауышты
Qalamdas әдеби сыйлығының үшінші маусымы басталды
Тынышбай Рақым. Тағы қоңыр күз келді...
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
Сайлау Төлеуов. Одағай сюжетті оқшау туынды
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Қанатын суға малған, отқа малған...
Қайратты "Қанаттылар"
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-І
Көп жазу мен аз жазу...