Ги де Мопассан
Ги де Мопасса́н, (Мопассан Ги, Де Анри Рене Альбер Ги) (5.8. 1850, Трувиль-сюр-Арк, Миромениль қамалы – 6.7.1893, Париж) — француз жазушысы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетінің реалист жазушылардың бірі. Ақсүйектер отбасында туып, балалық шағы Нормандияда өткен. Иветодағы діни колледжде, Руандағы лицейде оқыған (1870). Франция–Пруссия соғысына қатысқан (1870 – 71).
Мопассан әдебиетте новеллист ретінде танылды, 16 новелла жазды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. “Тельеннің үй-жайы” (1881), “Мадемуазель Фифи” (1882), “Вальдшнеп әңгімелері” (1883), “Апалы-сіңлілі Рондоли” (1884), “Мисс Гар-риет” (1884), “Иветта” (1885), “Орля” (1887), т.б. новеллалары бар. Мопассанның 6 романы, 18 әңгіме, мақалалар жинағы шықты. “Өмір” романы негізінде “психологиялық прозаның шебері” атанып (1883), кейін “Сүйіктім” (1885), “Монт-Ориоль”, “Пьер және Жан” (1887), “Өлімдей күшті” (1889), “Біздің жүрек” (1890) романдарын жазды. Жазушы шығармаларында қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділік (“Асыл бұйымдар”, “Марапатталған”), махаббат суреттеліп (“Ай нұры”, “Бақыт”), шынайы сезімнің құлдырауын, сауда-саттыққа, желөкпе ермекке айналуын (“Иветта”, “Шыншыл тарих”) әшкереледі. Әңгімелерінде шаруаның қараңғылығын ғана емес (“Бочонок”, “Шайтан”), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын да (“Қаңғыбас”, “Шкаф”, “Қайыршы”) жазды. Мопассан адамгершілікті (“Симона әкей”, “Мартенның қызы”), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты (“Пышка”, “Мадемуазель Фифи”, “Милон атай”) дәріптеді. Мопассанның (“Пышка” (1935), “Бес әңгіме” (1937), “Әңгімелер” (1961), “Пьер мен Жан” (1967), “Өмір” (1970) атты шығармалары қазақ тіліне аударылған.

Көп оқылғандар
Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы
Серіктің жыр сапары
Жантас Еркін. Лиза
Біржан Ахмер. Ахмет мұрасы: Ғаламтордағы қателіктер
Күліп отырып, күрсінесіз бе...
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
Құндыздың жүрегіндегі көбелек
Акутагаваның әңгімесі
Нұрлайым Батыр. Салынбай қалған портрет
Дүниенің кем-кетігін түгендеген
Ілекең феномені
Нұрбек Мырзабекұлы. Көлеңкелі өмір
Көркем әдебиеттегі қара шаңырақ пайымы
Ықылас Шалғынбай. Қиялда аққан өзен
Жылқышы Ақтайұлының сыбызғышылық өнері туралы
Өлең-жырлардағы жылан бейнесі
Ерлан Аманқожа. Қаламыңның ұшында тұрған өлең
Сенің алтын тұяғың бар, самға енді Көкмойнақ