Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығармашылық жолы арнайы зерттеуді қажет етеді. Алғашқы кітабы Қытай Халық Республикасына қатысты болғанын атап өткен жөн. Қытайға Қ.Тоқаев алғаш рет КСРО СІМ ММХҚИ (МГИМО МИД СССР) 5-ші курсында оқып жүргенде барады, ол кезде жас маманды КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне жартыжылдық дипломалды машықтамасынан өтуге жіберген болатын. Оқуын бітіргеннен кейін 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке тұрады, 1983 жылы Қытайға Пекин лингвистика институтына 10 айлық тәжірибеден өтуге жіберіледі. 1985 жылы Пекиндегі кеңес елшілігіне жолданады, бұл жерде 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет етеді. 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында болған студенттер толқуы оған үлкен әсер етіп, бұл туралы оқырмандарға баяндаудап беруді өзінің парызы санайды. «Как это было … Хроника волнений в Пекине» кітабы осы кезеңді қамтиды.
Қ.К.Тоқаевтың келесі кітабы – «Тәуелсіздік туы астында» («Под стягом независимости: очерки о внешней политике Казахстана») (1997) және «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» («Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации») (1998) кітаптары Қазақстанның егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренаға шыққан сәтінің бастапқы кезеңін қамтиды. Автор экономика мен саясаттың жаһандану мәселелерін көтеріп, Қазақстанның сыртқы саясатының экономикалық факторларына ерекше көңіл бөледі.
«Қазақстан Республикасының дипломатиясы» («Дипломатия Республики Казахстан») (2001) кітабында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуының онжылдық тарихына жан-жақты талдау жасайды.
Пекинде «Синьхуа» мемлекеттік ақпарат агенттігінің баспасынан «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» кітабы қытай тілінде басылып шықты. Кітаптың тұсаукесері 2001 жылғы 19 қазанда Пекинде өтті.
2003 жылы жарық көрген «Беласу» атты бесінші кітапқа ерекше тоқталып өткен жөн. Мемлекеттік хатшы – ҚР Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабының тұсаукесері 2003 жылғы 7 наурызда Алматыда өтті. Кітап геосаясаттың күрделі механизмдерін аша түседі, көптеген қызықты фактологиялық материалдардан тұрады. Кітап құрылымы жағынан үш негізгі бөлімнен тұрады. Кітаптың бірінші бөлімінде КСРО СІМ-де қызмет еткен кезіндегі дипломаттың қалыптасуын сипаттайды. Қ.Тоқаевтың КСРО СІМ-індегі жұмысының негізгі бағыты қытайтану болғандықтан, КСРО мен ҚХР арасындағы қарым-қатынас тарихы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Кітаптың «Қазақстандық сыртқы саясат: алғашқы тәжірибе және алғашқы сабақтар» деп аталатын екінші бөлімі жас республиканың дипломатиялық ведомствосының қалыптасуы, егеменді Қазақстанның халықаралық аренада жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндайды.
2007 жылдың соңында шыққан «Нұр мен көлеңке» («Свет и тень») кітабы «Беласу» кітабының қисынды жалғасы болды, кітапта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының қызметіне, Қазақстан Республикасының алыс және жақын шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының дамуына талдау жасауын жалғастырады. Тамаша жазушылық дарынға ие дипломат өзі тікелей қатысушысы болған сол кездегі саяси оқиғалар туралы тартымды әңгімелейді.
Қазіргі тарих, құқықтану, халықаралық қатынастар бойынша оқулықтардың жетіспей тұрған кезінде, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің қалыптасуы кезеңіндегі дипломатиялық қызмет туралы талай оқулығы мен оқу құралы оқытушылар мен студенттердің қолдан түспейтін кітабына айналды. Солардың ішінде «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі» («Дипломатическая служба Республики Казахстан») кітабы. Кітапта Қазақстанның дипломатиялық қызметінің құқықтық, әлеуметтік-саяси және ұйымдастыру-кадрлық мәселелері, мемлекеттік органдар жүйесіндегі СІМ-нің рөлі мен орны, дипломатияның шарттық-құқықтық негіздері, консулдық қызметтің ерекшеліктері және СІМ-нің БАҚ-пен өзара әрекеттестігі кеңінен қамтылған.
«Слово об отце. Әке туралы толғаныс» кітабы дипломатиялық очерктер мен арнайы оқулықтардан елеулі ерекшеленеді. Бұл шығармасында Қасым-Жомарт Тоқаев әкесі Кемел Тоқаев пен анасы Тұрар Шабарбаева туралы әңгімелейді. Көлемі шағын ғана кітап сталинизм кезеңінің қиыншылығынан өткен қарапайым қазақ отбасының тағдырын аша түседі.
Президент кітаптарының ішінде шекаралас жатқан елдермен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын белгілеу және орнату үдерісіне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы шындық» кітабын, Қазақстанның сыртқы саясатының шығыс және батыс бағыттарына арналған «Сыртқы саясат векторлары» кітабын, ұлт көшбасшысы ретіндегі Н.Назарбаев тұлғасына арналған «Тарих жазған адам» кітабын, елдің халықаралық саясаты бағытына талдау жасалған «Дипломат очерктері» кітабын атап өткен жөн.
Көп оқылғандар
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Баланы бауырына басты, қазақ не тапты?
Қазақ прозасы биіктен басталған...
Сәкен Сейфуллинге арналған конференция өтті
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
Ұстаз мерейі
Мия Алгожаева. Жер салқын (мистикалық әңгіме)
«Алматы ашық әдебиет» мектебі қандай мектеп?
"Бүгінгі қазақ әдебиеті жүз жылдықтармен өлшенеді..."
Алтай асқан армандарға асығам
«Көркемтаймен» қайта қауышты
Qalamdas әдеби сыйлығының үшінші маусымы басталды
Тынышбай Рақым. Тағы қоңыр күз келді...
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
Сайлау Төлеуов. Одағай сюжетті оқшау туынды
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Қанатын суға малған, отқа малған...
Қайратты "Қанаттылар"
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-І
Көп жазу мен аз жазу...