Махат Садық
Мақат Кәбірұлы Садық 1965 жылы 19-ақпанда туған.
ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын, Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі.
1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды.
1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі.
1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі.
2000-2005 жылдары «Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің» бас директоры.
2005-2006 жылдары «Makhat – Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы.
2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі.
2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған.
2022 жылдан ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті степендиясының иегері.
«Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы.
Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі.
Көп оқылғандар
«Алматы ашық әдебиет» мектебі қандай мектеп?
Мия Алгожаева. Жер салқын (мистикалық әңгіме)
Мишель Фуко. Өлім мен өмірге билік ету құқығы
«Саяси партиялардың жұмысы сайлаумен бітпейді...»
"АЗиЯ" Кеңес Одағының түпсанасына төңкеріс жасады..."
«Астана Операда» «Қаһарлы Орландоның» қойылымы өтеді
Ұстаз мерейі
Жас буын Бейсақаңды біле ме екен?
Тынышбай Рақым. Тағы қоңыр күз келді...
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
Алтын Иманбаева. Бесін ауып барады...
Есболат Айдабосын: Әдебиеттің қоғамдық санаға ықпалы зор
Сайлау Төлеуов. Одағай сюжетті оқшау туынды
Аспанымның астында өлең оқып берейін
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Қайратты "Қанаттылар"
Қанатын суға малған, отқа малған...