Аян Қажыбай
Аян Төлегенұлы Қажыбай – әдебиеттанушы, публицист, педагог. 1982 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 қазақ орта мектеп-гимназиясын, 2004 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих-филология факультетін бітірген (Үздік диплом). 2004–2007 жылдары осы оқу орнының «Қазақ әдебиеті және шетел әдебиеті» кафедрасының аспирантурасында оқыды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы шешімімен (№3 хаттама) филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2007–2008 жылдары аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қоғамдық-саяси апталығы «Сақшы – На страже» газетінің аға тілшісі және оған қосымша ҚР ІІМ-нің айлығы «Казахстанская полиция» журналында меншікті тілшісі.
2008–2011 жылдары аралығында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінің «Қазақ филологиясы» және «Орыс филологиясы» кафедраларының аға оқытушысы.
2011–2016 жылдары аралығында «Көкше» академиясының гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Қазақ филологиясы және шет тілдері» кафедрасының доценті міндетін атқарушысы.
2016–2021 жылдары аралығында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің» «Филология бөлімінің» «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқарып келді.
2021 жылдан бастап «Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің» ассистент-профессоры м.а. қызметін атқарып келеді.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының шешімі бойынша VI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік Ұстаз» төсбелгісімен (Куәлік №0331, 12.04.2018 ж.) марапатталған. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Жалпы жиналысының 2018 жылғы 12 мамырдағы шешімімен (Хаттама №5) Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
Еңбектері:
1. Белгібай Шалабаев: Өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі. Биобиблиографиялық көрсеткіш. – Көкшетау: «Келешек–2030», – 212 б. (13,2 б.т.) – (қазақша, орысша). – көмекші оқу құралы.
2. Белгібай Шалабаевтың ғылыми-зерттеу және көркем аударма еңбектері. Монография. – Көкшетау: «Көкше» Академиясының баспасы, 2015. – 556 б. (32,47 б.т.).
3. Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын, әдеби аударма еңбектері. Монография. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2018. – 408 б. (44,25 б.т.).
4. Сөз құдіреті – Величие слова. Әдеби ой-толғаныстар, сын-зерттеулер, эсселер. – Көкшетау, ЖК Устюгова Н.Ф., 2020. – 448 б. (26,17 б.т.).
Көп оқылғандар
Қанатын суға малған, отқа малған...
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-І
Пандора сандығы
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-ІІ
Үш қаламгер туған күн
Қазақ тарихы мен әдебиетін ортақтастыру керек...
«Саяси партиялардың жұмысы сайлаумен бітпейді...»
"АЗиЯ" Кеңес Одағының түпсанасына төңкеріс жасады..."
«Астана Операда» «Қаһарлы Орландоның» қойылымы өтеді
Мишель Фуко. Өлім мен өмірге билік ету құқығы
Жас буын Бейсақаңды біле ме екен?
Рымғали Нұрғали. Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған
Тынышбай Рақым. Тағы қоңыр күз келді...
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
Алтын Иманбаева. Бесін ауып барады...
Есболат Айдабосын: Әдебиеттің қоғамдық санаға ықпалы зор
Руслан Жұбаныш. Көрермен Қаңтарды айтқанда егіліп жылап отырды
Кадзуо Исигуроның «Жерленген алыбы»
Сайлау Төлеуов. Одағай сюжетті оқшау туынды
Аспанымның астында өлең оқып берейін
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ