Қалиолла Ахметжан
Қалиолла Ахметжан - суретші, этнограф-қарутанушы. 1949 жылы 6 сәуірде Ақмола облысы Алексеевка ауданы, Өрнек ауылында туған. И.Е.Репин атындағы сәулет және мүсін, кескіндеме институтының кескіндеме факультетін бітірген, (1977), кескіндемеші-суретші. Тарих ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтың дәстүрлі жасақтары: генезис, құрылым, ұлттық мәдени қызметі (тарихи-экологиялық зерттеу)». «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері)» (1996) монографиясының, сонымен қатар 70-тен астам ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы. Қазақтардың дәстүрлі қарулану шежіресі бойынша білікті маман. Ең белгілі жұмыстарының бірі - «Қырау». Чехословакия, Эстония, Оңтүстік Корея, Германия көрмелерінде жұмыстары көрсетілген. 1995 жылы - Кино үйінде, 1997 жылы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында жеке көрмелерін өткізген. Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының, ҚР Президенттік мәдени орталығының, Невзоров атындағы Семей өнер мұражайының қорларында; ҚР Президентінің резиденциясында, Кутаиси қаласының картиналар галереясында (Грузия), Қазақстан, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия жеке коллекцияларында сақталуда. 1977 жылдан - Ө.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінің арнайы тәртіп оқытушысы. 1996-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының этнология бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 1996-1998 жылдары - қосымша ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының көркемөнер бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 2000 жылдан - ҚР Президенті мәдени орталығы қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі (Астана қаласы). 2004 жылдан бері - ҚР Президенттік мәдени орталығының кеңесшісі (Астана қаласы). ҚР Суретшілер одағы хатшылығына сайланған. КСРО, ҚР Суретшілер одағының, ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі. I «Жігер» Жастар шығармашылығы фестиваліне (1979),көптеген топтық, қалалық, республикалық және шетел көрмелеріне қатысқан.«Ана тілі» газеті сыйлығының лауреаты (1992). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2006) марапатталған. Мәдениет қайраткері.
Көп оқылғандар
«Жетісу көктемі» мәреге жетті
Қуандық Түменбай. Көк кептердің көргені
Қайран, біздің Антон Павлович
Жүрсінге жүгінетін шығармыз...
Аядай бұлақ деседі... (Аягөз ауданы һақында)
Ерлан Жүніс: Өліара
Биылғы үздік әдістемелік анықталды
Қуаныш Ілиясұлы. Анам мен арша
«Ақбілек» романындағы прототиптер
Қазақ поэзиясының құс қанатты құбылысы
Әнші Әміре
Әбіш Кекілбаев. Гамлеттің монологі
Константин Паустовский. Жеделхат
«Жетісу көктемі» мәреге жетті
Айгүл Үсен. Кішкентай адам – рухы әлсіреген қоғамның жемісі
Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну
Жүйрігін баптаған қазыналы жазушы
Фантастика – әдебиеттің түп атасы
Көңіл күнделігі: Әмірханның қазасы
Годоның жұмбағы
Фариза Оңғарсынова және Майя Анжелу: феминистік көзқарас
Сенім үшін сезіммен серттескен ақын!