Бауыржан Бабажанұлы
Бауыржан Бабажанұлы - 1969 жылы 21 ақпанда Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданында туған. Ақын, журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген (1995). «Жалын» журналында, «Ана тілі» – «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім редакторы, «Алтын Орда» газетінде бас редактордың орынбасары, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Қазір облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе бөлімшесінің директоры. «Аспан мен жердің арасы» («Елорда», 2001); «Уәде» («Жазушы», 2006); «Сүлейменнің жүзігі» («А-Полиграфия, 2009); «Ниетқабыл» («Хан тәңірі», 2014) жыр жинақтары жарық көрген. Халықаралық VІ «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» аталымы бойынша бас жүлдегері (2003), «Экспресс К» газетінің бас редакторлар арасында өткізілетін байқауында Геннадий Толмачев атындағы жүлдені иеленген (2008); Төлеген Айбергеновке арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының иегері.
Қазіргі күні «Түркістан» газетінің бас редакторы.

Көп оқылғандар
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Өмір мұхит үстінде
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма еді...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
Жасыл түнмен тысталған кітап
О. Генри. Сыйға – сый
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй