Ерболат Әбікенұлы
Ерболат Әбікенұлы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районы, Санжы қаласына қарасты Мөргу ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 1990 жылы Мөргу ауылдық сегіз жылдық мектептің табалдырығынан аттап, аталмыш мектепті 1998 жылы бітірді, 2001 жылы Санжы қалалық №3 орта мектебінің қазақ бөлімін тамамдаған.
2002 жылы Қазақстанға келген қаламгер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіне түсіп, оны 2007 жылы бітіріп шығады. Балаларға арналған «Бірінші байлық», «Алтынбұтақ» ертегі кітапшаларының, «Кіші ғылыми қызметкер», «Елу теңге», «Ақын», «Күйеу бала», «Ауыл әкімі», «Пәтер іздеп жүр едік» т.б. әңгімелерінің, студенттерге арналған шетелдегі қазақтардың рухани тұтастығы мен өзара әдеби сабақтастығы туралы мәлімет беретін «Шетел қазақтарының әдебиеттануы» атты ғылыми монографияның авторы. Көркем прозада «Министр», «Жас толқын» сериясымен «Желтоқсан ызғары» атты әңгіме жинақтары жарық көрген.

Көп оқылғандар
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Өмір мұхит үстінде
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма еді...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
Жасыл түнмен тысталған кітап
О. Генри. Сыйға – сый
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй