Сәнді Ақылай
Ақылаева Сәнді Күреңбайқызы - 1972 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. Балқаш Гуманитарлық Техникалық Университетін бітірген. Қазіргі таңда Ақмола облысында Целиноград ауданы Жалғызқұдық орта мектебінде орыс сыныптарына қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі. Музей жұмысының жобасын жалғастыршы. Тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы. Тоғызқұмалақ пен тоғыз санының құпиясы атты ғылыми жұмысы республикалық жүлдеге ұсынылып баспаға жарияланған. Ақын, ұстаз Сәнді Ақылайдың Жүрек перзенттері, Рух патшалығына саяхат, Өлең ғұмыр жыр жинақтары бар. Бірнеше антологияларға, республикалық баспаларға енген. Қосымша сазгердікпен де ,аудармашылықпен де айналысады. Бірнеше проза, эссе жанрында жазған шығармалары бар. “Орыс келе жатыр”, “Өкпелегіш сиыр”, “Құдық”, “Тағдырдың темекісі”, “Құлыншақтың ақыры”, “Қалжыңсыз әлем” атты шығармалары оқырман көңілінен шыққан. Мәскеудегі “Ару дүние” поэзия ұжымының Қазақстандағы координаты, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі. Төлеген Айбергенов атындағы медальдің иегері, “Батыр ана” Алтын алқа иегері.

Көп оқылғандар
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Өмір мұхит үстінде
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма еді...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
О. Генри. Сыйға – сый
Жасыл түнмен тысталған кітап
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй