Латиф Хамиди
Латиф Хамиди - (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі, КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы. Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен» әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп, «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар. Композитор қазақтың опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебі» (Б.Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х.Тастановпен бірге), т.б. зерттеу еңбектері бар. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Көп оқылғандар
Өмір мұхит үстінде
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
«СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ» тақырыбындағы ғылыми конкурс
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Нобель сыйлығына көзқарас
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма едеі...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
О. Генри. Сыйға – сый
Жасыл түнмен тысталған кітап
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй