Ұлықбек Есдәулет
1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік универсиетінің журналистика факультетін, М.Горький атындағы Әдебиет институтының Жоғары әдеби курстарын (Мәскеу қаласы) бітірген. Тұңғыш кітабы 20 жасында жарық көрген. Қазақ ПЕН клубының, ЮНЕСКО жанындағы Әлемдік өнер және мәдениет академиясының академигі (2017).
Газет, баспа, теледидар редакцияларында әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінде бөлім бастығы, ҚР Үкіметінің аппаратында мәдениет секторының меңгерушісі, т.б. жауапты қызметтер атқарған.
«Жас қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің бас редакторы, «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының («Ақ керуен» кітабы үшін, 1986), «Алаш» әдеби сыйлығының («Заман-ай» кітабы үшін, 1999), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты («Киіз кітап» үшін, 2002), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). «Құрмет» орденінің иегері. Қазақстан Журналистика академиясының толық мүше-академигі, Гуманитарлық ғылымдар академиясының Құрметті академигі, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің Құрметті профессоры. Ресейдің Л.Толстой, М.Лермонтов, С.Есенин Алтын медальдарының, Қырғызстанның «Жеті Мен» тәуелсіз сыйлығының және Б.Сарноғаев алтын медалінің, Әлемдік өнер және мәдениет академиясы Алтын медалінің иегері.
Қазақ поэзиясында ақ өлең және верлибр жанрының негізін салушылардың бірі. «Жазушы» баспасынан екі томдық таңдамалы жинағы, «Қазығұрт» баспасынан үш томдық және бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Өлең кітаптары және бірқатар шығармалары ағылшын, түрік, қытай, орыс, қырғыз, монғол, испан, жапон, өзбек, татар, гагауз, балтық бойы, украин, беларусь, болгар, т.б. тілдерде жарық көрген. Сахналарда қойылып жүрген «Бейбарыс» операсы либреттосының, «Қара пима» драмалық поэмасының, «Зере» драмасының авторы. Ол өлеңін жазған «Заман-ай» әні антиядролық қозғалыс гимніне айналған, жапон тіліне аударылып, жеке компакт дискі болып шыққан және жапон караокесіне кірген. «Әбілхаят» атты эсселер, естеліктер кітабы соңғы он жылдықтағы ең көп оқылатын таңдаулы 10 кітаптың қатарына кірген. «Әдебиет порталы» интернетсайтының жұртшылыққа бір жыл бойы жүргізген сұрауы бойынша, Қазақстанның соңғы 60 жылдағы ең таңдаулы 10 ақынының бірі болып танылған. Сауалнама бойынша «Алаш арыстарының 100 ізбасары» қатарына енгізілген.

Көп оқылғандар
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Өмір мұхит үстінде
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма еді...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
О. Генри. Сыйға – сый
Жасыл түнмен тысталған кітап
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй