Қабдеш Жұмаділов
(1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы Малдыбай ауылында туған. Шәуешек гимназиясын бітірген. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–62 жж. Қытайдағы қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.
«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965 – 67), «Жазушы» баспасында (1967 – 76), Мемлекеттік баспа комитетінде (1976 – 81) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста. Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, оншақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974 – 1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Қос томдық «Дарабоз» (1996) романы тарихи тақырыпқа, «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы» атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, «Қылкөпір» романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді. «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз» романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде жарық көрді.
Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003 – 2004 жж. «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған. «Мәңгілік майдан» (2008) кітабы жарық көрген. Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1998 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» деген атақ берілді. «Парасат» орденінің иегері. Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2018) марапатталған. Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).
Жазушы 2021 жылы өмірден өтті.
Көп оқылғандар
«Анасы бар адамдар...»
Шолпан Балманова. Өмірден түйген ойлар
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»
Жақсының көзі. Дина Нұршайықова
Рухани ұстаздың батасы - өмірлік азығым
Күйреген сенім. К. Ашватха Нараянанрао
Қайран, біздің шешелер, арды ойлаған...
Қазақ поэзиясының тарланы Темірхан Медетбек өмірден озды
Дәуірбек Дүйсебай. Байқалдай көл айтады естілігін...
Маржан Ершу. Хиуаз (поэма)
Абай институты: жаһандану дәуіріндегі қазақ мәдениеті мен тілін дамыту перспективалары
Майдангер қаламгерлер туралы кітаптардың тұсауы кесілді.
«Анасы бар адамдар...»
Шолпан Балманова. Өмірден түйген ойлар
Басуға тыйым салынған кітап
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
Қуат БОРАШ. Әпербақан
Майдангерлер әзілінен
Ар безбені (әңгіме)
Үш тағаны берік ақын
Туған жерінен күштеп көшірілгендер трагедиясы жайлы кітап
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
«...КІТАПТАР бізді жазады»
«Сендер аман тұрғанда, өлмеймін! – деп мен айттым...»
«ДАРЫН» БАСПАСЫНЫҢ БИІГІ
Елімізде «100 кітап» сауалнамасы басталды