Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Бекен Қайратұлы

Бекен Қайратұлы

Рейтинг: 3.286
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Бекен Қайратұлы – 1963 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы «Қобданқол» ауылында дүниеге келген. Алғаш өзі туған Қобданқол аулында бастауыш мектепте білім алып, арықарай Өлгей қалалық І-10 жылдық орта мектебін 1980 жылы тәмәмдады. Осы жылы ел астанасы Ұлан-батыр қаласында орналасқан Сухе-батор атындағы Әскери Жоғары Институттың «Артиллерия» бөліміне қабылданып, оны 1984 жылы лейтанат шенінде үздік бітіріп шықты.

 

1984-1991 жылдар аралығында әртүрлі әскери қосындарда взвод, батерия командирі, саяси қызметкер тәрізді міндеттерді абыройлы орындап, 1989 жылы Моңғолия Жастар одағының жоғары наградасы «Үздік интелегент» алтын медалымен сыйланған.

 

1991 жылы Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қоныстанған. 1995 жылдан бастап баспасөз саласына қатысып, Тарбағатай аудандық «Тарбағатай нұры» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

 

1997 жылы бұрынғы Ақмола қаласына (қазіргі Астана қаласы) қоныс аударып, қалалық «Астана ақшамы» газетінде тұрақты жұмысын бастады. Елорданың өсіп-өркендеуіне қатысты көптеген публистикалық туындыларды өмірге әкелді. Шығармалары – «Ақордалы Астана», «Бағаналы орда басты орда» атты жинақтарға енді. Сондай-ақ ҚР Тіл комитеті жанынан жарық көретін «Тіл және қоғам» журналына бірнеше жыл бас редактор болып, еліміздегі мемлекеттік тіл мәселесі жайлы өзекті жұмыстарға ат салысты.

 

Журналист ретінде Қазақстан Журналистер Одағы тағайындайтын «Жылдың үздік журналисі» атағын (2009 ж.) жеңіп алды. Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» (2009 ж). Және ұлттық рухани һәм шетелдегі қазақтар тақырыбына қатысты жазылған «Күміс жамбы» атты кітабы мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрді. 2010 жылы Мекке қаласына барып қажылық парызын өтеп келді.

 

2010 жылдан бастапр «Оян. Намыс.кз» журналын басқарып, «Намыс. кз» сайтында редакторлық қызметтерін 2012 жылдың шілде айына дейін атқарып келді. Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының Астана қалалық филалында жетекші болып қызмет атқарған. ерту!

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар