Өтен Ахмет
Өтен Ахмет - 1938 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт стансасында дүниеге келген.
Еңбек жолын Жезқазған руднигінде шахтада бастаған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, Қарсақпай поселкесіндегі орта мектепте үш жыл ұстаздық қызмет атқарды. 1967 жылдан бастап ұзақ уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, Бас редакторы, облыстық телерадиокомпания төрағасы, республикалық «Азиятранзит» тәуелсіз саяси газетінің Бас редакторы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
2005 жылдан бері Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. «Жетісу» телеарнасында «Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді.
«Алыптың адымы» атты тұңғыш очерк кітабы 1968 жылы, «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973 жылы жарық көрді. Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975), «Алтын арқау» повестері (1977), «Қоңыр үй» (1982), «Заңғар» (1988), «Адасқан ғасыр» (2007), «Қарқаралы аруы» (2008) романдары шықты. «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының І томдығы жарық көрген. «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздарыай» телевизиялық фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Кенесары, Наурызбай», «Желтоқсан ызғары», «Бағдаршам», «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.
«Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977), «Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды. Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған. «Жас қазақ үні» газеті өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған. «Уақыт кімді жақтайды?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.
Әдебиеттер:
Ахмет Ө.Адасқан ғасыр: Повестер /Ө.Ахмет.- Алматы: Жалын баспасы, 2007.- 320 б. Ахмет Ө. Шығармалары: Роман, хикаяттар мен əңгімелер. – Астана: Фолиант, 2009. – 384 б. – (Сырдария кітапханасы)
* * *
- Ахмет Өтен //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 58 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 39-40 б.
- Ахмет Өтен //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004. - 34 б.
- Ахметов Өтен //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 48 б.
Көп оқылғандар
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА
Ардақ Нұрғазы. Өркениеттің қыш күбісі
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Франц Кафка. Кезқұйрық
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Жасанды интеллект және әдебиет
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз
Сен маған керексің
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Жасанды интеллект және әдебиет
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Кубизм көлеңкесі (Ұ.Есдәулет поэзиясы жайлы сөз)
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді