Марина Цветаева 1892 жылы 26 қыркүйекте (8 қазан) Мәскеуде дүниеге келген. Әкесі Иван Владимирович Мәскеу университетінің профессоры, танымал филолог және өнертанушы; кейіннен Румянцев мұражайынның директоры, әрі көркемөнер мұражайының негізін қалаушы болған. Марина ең алғашқы өлеңдерін алты жасар кезінде тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар, француз, неміс тілдерінде де жаза бастаған. 1910 жылы өзінің жеке қаражатына алғашқы «Вечерний альбом» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарған. Оның шығармашылығына мәскеулік символистер әсер етсе, ерте өлең жаза бастауына Николай Некрасов, Валерий Брюсов мен Максимилиан Волошиндер ерекше ықпал еткен. «Бір жұтым ауа, қызыл күн» , «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген. «Жан» , «Аспандағы аңсарым» атты М.Цветаеваның өлеңдерін аударып, «М.Цветаева» деген атпен кітап болып шықты.