Әбікен Хасенов
Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1945). Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубекпен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. 1934 жылдан қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Xасенов театр сахнасында Қүнанбай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің Абайында), Қараменде (Әуезовтің Еңлік - Кебегінде), Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің Ақан сері - Ақтоқтысында),Мұса(С.Мұқановтың Шоқан Уәлихановында), Тайман (Ә.Тәжібаевтың Май-расында), т.б. образдар жасады. Сонымен қатар ол Тәттімбеттің Сарыжайлау, Көкейкесті, Сылқылдак, Бес төре, Азамат, Қос-басар (бірнеше түрі), т.б. күйлері пластинкаға түсірілді. Оның өзі шығарған Қоңыр атты күйі бар.
Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.
1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды.
Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды.
Көп оқылғандар
Амангелді Кеңшілікұлы. Өткен күнде белгі бар
Ғасырлардан талып жеткен қоңыр үн
Серік Ақсұңқарұлы. Кірпік қаққанша өзгере берді дүние...
Қалиакбар Үсемханұлы. Қарғыс
Өнегелі ғұмыр иесі - Орал Арғынбеков
Астанада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті
Қос кітаптың беташары
Семейдегі Невзоровтар музейі
Келеке керек пе?
Достоевскийдің Ресей аумағынан тыс жалғыз музейі
Көпен келе жатыр...
HIKAYA заманауи өнер кешіне шақырамыз!
Серік Ақсұңқарұлы. Кірпік қаққанша өзгере берді дүние...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
Жасыл түнмен тысталған кітап
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Ұлы шығарма жазған әйелдер
«Жетісу көктемі» прозашылар байқауы. №1 шығарма
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
Қанат Тілеухан. Жаназа