Сәулеш Шәтенова Тәжіқызы 1963 жылы, 16 тамызда Атырау облысы, Жылой ауданында дүниеге келген. Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. «Кең Жылой» газетінің бас редакторы.
«Аудитория», «Қос ішек», «Ақ шағала», «Жылыой қаламгерлері» тағы да басқа жыр жинақтарына өлеңдері енген. «Сәулелі сәт» атты жеке жинағы шыққан. Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.