Кенжебай Ахметов
Кенжебай Ахметов Кәрібозұлы - ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1963 жылы 17 наурызда дүниеге келген. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлде иеленген “Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым” қойылымының әдеби нұсқасының, “Алағай да бұлағай бір дүние” атты прозалық жинақтың, “Қоңыр күй” өлеңдер жинағының, “Қос қағыс” прозалық, драмалық шығармалар жинағының, бірнеше оқу құралы мен ғылыми мақалалардың авторы.
“Әдебиеттануға кіріспе” оқулығы Қазақстанның жоғары оқу орындарында және Қытай Халық Республикасындағы Ұлттар Университетінде оқу үдерісінде пайдалануда.
“Құданың өзі, құдайдың “көзі” келгенде” аталатын сатиралық комедиясы 2002 жылдан бастап Жезқазған театрында тұрақты жүруде. Қазақстан Жазушылар одағы мен “Қазақмыс” корпорациясы ұйымдастырған республикалық конкурста Гран При иеленген “Дәуірлер тоғысында” (қойылымда – “Қанда бар ғой, қанда!..”) драмасы Жезқазған театрында 2008 жылдан, “Шырақ” тарихи драмасы 2011 жылдан бері, “Шырға алаңында” драмасы 2013 жылдан бері қойылып келеді.
“Мәдени мұра” Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары қатарынан “Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы” аталатын 4 томдықтың үшінші және төртінші томдарын (2008-2009 ж.ж.), “Ежелгі Шығыс әдебиеті” жинағын (2010 ж.), Дж.Боккаччоның “Декамерон” новеллалар кітабын (2011 ж.), Дантенің әйгілі «Құдіретті комедия» поэмасын (2012 ж.) аударған.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі ұйымдастырған тұңғыш Ұлттық “Астана – Бәйтерек” конкурсының лауреаты (2003 ж.), Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы “Саңлақ автор” медалінің иегері (2006 ж.), республикалық “Бір өлең – бір әлем” (2007 ж.), «Мәңгілік Ел – ұлт мұраты», «Ел қорғаны – Ер Жәнібек (2014 ж) т.б.мүшәйралардың жүлдегері.

Көп оқылғандар
Жиль Делюздің ризомдық антиқұрылымы немесе жаңа әдеби сын
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Өмір мұхит үстінде
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
14 наурыз – сөре, 22 наурыз – мәре болса
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТІҢ КӨШІН ЛИРИКА БАСТАП ТҰР
Асылбек Байтанұлы. Наурызды тойлау туралы ойлар
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Жүрегің Самарқанның тасынан да қатты ма еді...
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
Жасыл түнмен тысталған кітап
О. Генри. Сыйға – сый
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Жәудірдің «Той көйлегі»
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Парасат Майданы хақында бірер сөз
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй