Үбіғали Бақтығалиұлы
Үбіғали Бақтығалиұлы – жасынан өлең, жыр-дастандарды сүйіп өскен, жадына сақтап таратқан жыршы, халық ақыны. Ол 1925 жылы қазіргі Ақтөбе облысындағы Алтықарасу-Кенжалы деген жерде дүниеге келген. Әкесі Бақтығали ел қатарлы орта дәулетті адам болған. Үбіғали бала кезінен ел әңгімесін көп білетін әжесі Ұлболсынның тәрбиесін алған. 1929-30 жылдары кеңестік кезеңнің зорлық-зомбылығына ұшыраған көптеген ауылдар наразылық білдіріп, Орта Азия елдеріне қоныс аударғанда, Үбіғалидың әулеті Түркменстанның Ташауыз облысында тұрақтап қалады. Сол жерде оқып, білім алып, әртүрлі шаруашылық саласында жұмыс істейді. 1988 жылы зейнеткерлікке шығып, Алматы облысына көшіп келеді.
Ү.Бақтығалиұлы жастайынан қазақ халқына ғана емес, Орта Азия елдеріне танымал Құнанорыс Мұса, Ескелді Сүгір, Қырымқұл Ұзақбай, Қырықмылтық Тәжік, Бүркітбай, Кердері Құдайберген, Кете Хайрулла сияқты жыраулармен кездеседі. Солардың дәстүрімен жыр айтады, терме-толғаулар шығарады. Әсіресе, Сүгір жырау Бегендікұлының орындауында Қашағанның, Аралбайдың, Сәттіғұлдың, Есмағамбеттің, т.б. ақын-жыраулар мұрасын үнтаспаға жазып алып, оларды хатқа түсіріп, үйреніп, айтып жүреді. Оның әр жылдары жарық көрген «Шежіре, жыр-дастан, толғаулар» (1999), «Атамұра» (2000), «Бабалар баяны» (2004) кітаптарында жадындағы және үнтаспадағы әдеби мұралары мен өз шығармалары топтастырылған.
(Қабиболла Сыдиықұлының, «Елеулі есімдер, бағалы басылымдар» кітабынан, 50-бет)

Көп оқылғандар
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Бекзада
Арман Әділбек. Күн де батады
Қуаныш Дәлейұлы. Арғанаты хикаясы
Сабыр Адай. Жазмыштан қайда барасың
Абай мен Шәкәрімнің диалогы
"Анашым, мен тірімін!" фильмінің премьерасына шақырамыз!
Өңірлік мерзімдік басылымдардың алғашқы форумы
Ілияс Есенберлин. Махаббат үшін ерлік
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Аягүл Мантаева. Депрессия
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Өлгеннен сұра өлеңді...
Бекзада
Арман Әділбек. Күн де батады
Ұларбек Дәлейұлы. Жазғы түс
Сұраған Рахметұлы. Метамодернизм
Шынар Әбілда. Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Ауылға қонған тікұшақ. (Әңгіме)
Асқар АЛТАЙ. КРЕМЛЬДІҢ КӨЛЕҢКЕСІ
«Шахмаранның кітабы» адамзатқа неге бұйырмай қалды?..
Жадыра Шамұратова. Кешіру
Ретбек Мағаз. Қаралы күнгі ән