Аманжол Әлтаев
Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылдың 31 тамызында қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы. Қарағанды қаласында өткен "Арқа арулары мен сал серілері" сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1990 жылы Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында болған атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 жылы Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 жылы Қарағанды облысында ұйымдастырылған. Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 жылы ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық мерейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.
Көп оқылғандар
Қуат БОРАШ. Әпербақан
«Сендер аман тұрғанда, өлмеймін! – деп мен айттым...»
Мағаз Разданұлының 100 жылдығы атап өтілді
Сағынтай Бисенғалиев. Жайығына Жұбан келе жатқандай…
Ғашықтар күні қалай атап өтіледі?
Аян Қажыбай. Өр Алтайдың мұзбалағы
Т.Әбдірайымның «Ақ кептер» жинағының рецептивтік эстетикасы
Маржан Ершу. Алып
Асан Омаров. АБАЙДЫҢ ШЫҒЫСЫ
Жазушы , ғалым, аудармашы кітабының тұсаукесері
Деректі проза – алаш мұрасын танудың кілті
Зейнолла Сәнік оқулары
Mecenat.kz әдеби сыйлығының таныстырылымы өтті
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
Қауышу мен қоштасу жайлы...
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
«Қоңырқаз» дер кезінде бағаланбай қалды...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) II бөлім
Хан Ган жазбалары (аударма)
Тоқсанға келген абыз
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында