Думан Рамазан
Жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург Думан Әмірғалиұлы Рамазан 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. 1985-92 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. 1988-96 жылдары республикалық «Халық кеңесі» газетінде, 1996-2006 жылдары «Қазақ әдебиеті» әдеби басылымында қызмет істеген. 2007-2009 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі және 2009-2016 жылдары «Әлем әдебиеті» журналының жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан жазушыларының әдеби-әлеуметтік басылымы – «Жұлдыз» журналында қызмет істейді.
«Көкжал» (Астана. «Елорда» баспасы, 2001), «Хан Кененің қазасы» (Алматы. «ҚАЗақпарат» баспасы, 2002), «Алланың әмірі» (Алматы. «Жазушы» баспасы, 2008), «Жылап аққан тамшылар» (Алматы. «ҚАЗақпарат» баспасы, 2011), «Көктамыр» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2013), «Абылай ханның арманы» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2014), «Пешене» (Алматы. «Дәуір» баспасы, 2020), «Тақ» (Астана. «Фолиант» баспасы, 2021), «Дәрмене» (Алматы. «Дәуір» баспасы, 2022) атты кітаптардың авторы.
«Абылай ханның арманы», «Кенесары-Күнімжан», «Керей – Жәнібек», «Тақ», «Тасмаңдай», «Бейуақ», «Қанатталды» атты драмалық шығармалары бар. 2010 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында және 2011 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, 2012 жылы Ш. Құсаинов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы сахналанды. Аталмыш тарихи драма 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде (Қ. Қуанышбаев театры) «Ең үздік драма» атанды. 2012 жылы Түрік елінің астанасы Анкара мен Ыстамбұл қалаларында «Кенесары-Күнімжан» драмасы түрік тілінде қойылды. Ал 2013 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында, 2015 жылы Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрларында және 2020 жылы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасы сахналанды. Ал 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Керей – Жәнібек» атты тарихи драмасы қойылып, іле-шала өткен Республикалық театр фестивалінде аталмыш туынды «Ең үздік спектакль» атанып, бас жүлдені иеленді. Сол жылы «Керей – Жәнібек» тарихи драмасы Б. Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрында сахналанды. 2018 жылы «Қанатталды» тарихи драмасы Қарағанды обылысында сахналанып, облыстық театрлар фестивалінде бас жүлдені қанжығасына байлады.
2023 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Жошы хан» тарихи драмасы сахналанды. Қойылымның тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, көрермен ретінде тамашалап, оң бағасын берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2021). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2014) және Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының (1993) лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың (2005) және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері (2010), «Балауса» бәйгесінің бірінші орын иегері (2013). «Астана – ардағым» сыйлығының проза аталымы бойынша және «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби конкурсының драматургия аталымы бойынша бас жүлдегері (2017). «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының екінші орын иегері (2019). Алматы қаласы әкімі сыйлығының драматургия аталымы бойынша бас жүлдегері (2021).
2010 жылы «Көш» әңгімесі «Жылдың ең үздік прозасы» атанса, 2012 жылы «Кенесары-Күнімжан» тарихи драмасы «Жылдың ең үздік драмалық туындысы» деп танылды.
2014 жылы «Жыл-драматургі» атанды.
2020 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Мемлекеттік және Президенттік стипендият.
Мекен-жайым:
Алматы қаласы.
«Құлагер» ықшам ауданы, 8 үй, 21 пәтер
Тел: 87018230501
Көп оқылғандар
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
«Кітапханашы күнделігі» сахнадан оқылды
Сәкен Сыбанбай. Суыту, қайта қарау деген қалып барады
«Қыпшақ Қоңыр» – түркі әлемінің ортақ қазынасы
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Сәкен Сейфуллинге арналған конференция өтті
«Көркемтаймен» қайта қауышты
Алтай асқан армандарға асығам
Баланы бауырына басты, қазақ не тапты?
Арда Алтайдағы Абай шәкірті (ақын, жазушы, драматург Мағаз Разданұлының 100 жылдығына орай)
Қазақ прозасы биіктен басталған...
Осы жұрт Нұртасты біле ме екен?
Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ. СІҢІР ҚАЙНАТПАСЫ (Әңгіме)
Жақсы өлең көрсем, авторынан қызғанамын...
Ерлан Ібітанов. Көп адам әкемнің адалдығынан сескенетін...
«KitapTime-2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
Бауыржан Жақып. Әдеби жобамыз үш жылға арналған...
Боладысы да, болдысы да қызық болды...
Естен кетпес үш кездесу (эссе)
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІ. ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫ
Қанатын суға малған, отқа малған...
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-І
Көп жазу мен аз жазу...
2024 жылғы әдеби Нобельге кім ие болды?
Қасымхан Бегманов. Грузияның ұлттық мұрағатынан құнды мағлұматтар мен деректер таптым...
Дәстүр мен модерннің тартысы. Постиндустриалды қоғам
ҒАЙЫП ӘЛЕМ. ӘДЕБИ СУБЛИМАЦИЯ-ІІ
«Үздік комедиялық пьеса» байқауы