Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Айтбай Хангелдин

Айтбай Хангелдин

Айтбай Хангелдин
Рейтинг:
Өмірбаяны
Айтбай Хангелдин (1906–1981) 6 қарашада Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы қазіргі Абай атындағы кеңшар аумағында туған. 
 
1926 жылы Ташкенттегі халық ағарту институтын бітіріп, Орта Азия коммунистік аспирантурасында оқыған. 30-шы жылдары Өзбекстан Комунистік партиясы Орталық Комитетінің органы «Еңбек» газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бөлім меңгерушісі, Қазақ радио комитетінің төрағасы, Қарсақпай аудандық партия комитетінің мәдени-үгіт бөлімінің меңгерушісі, Қарсақпай аудандық «Қызыл кенші» газетінің редакторы, Казглавлиттің бастығы секілді жауапты қазметте болған. Қарағанды облысы жаңадан құрылғанда ол Қарағанды облыстық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1941–1945 жж. Қазақстан КП Орталық Комитеті аппаратында қызмет атқарған. 
 
1950–1967 жж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, бас редактор болған.
 
Шығармалары: Шеге. Өлеңдер. А., ҚБМБ, 1931; Құрылыс жолында. Поэма. Ташкент. 1931; Серік. Әңгімелер жинағы. А., ҚБМБ, 1931; Он жылда. Поэма. А., ҚБМБ, 1932; Еңбектен. Өлеңдер. Ташкент. 1933; Жаңа тұрған. Поэма. А., ҚБМБ, 1935; Ақан сері. Поэма. ҚБМБ, 1948; Алғыс. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1950; Ерлік. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1952; Жеңіс жыры. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Біздің оттарымыз. Роман. А., ҚМКӘБ, 1954; Таңдамалы. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1961; Керемет. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Табысқан тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1965; Чудо. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Өткен күндер. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; Қараторғай. Роман. А., «Жазушы», 1970; Ғанидың жұлдызы. Роман. А., «Жазушы», 1974; Таңдамалы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1977; Таңдамалы повестер. Алматы, 2006; Екі томдық прозалары. Астана, 2008.

Көп оқылғандар