Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Иран-Ғайып
Иранбек (Иран-Ғайып) Оразбаев - 1947 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ политехникалық институтының таукен факультетін (1970), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1980). Әр жылдары Қызылорда облысы «Білім» қоғамында референт, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялықрепертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбекшаған», «ГүлНәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды. «Глаза ночи» (1983), «Царь слова»(1984), «Наследник» (1988) атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. 1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалысы оқырмандар қолына тиді.
2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жырмүшәйрасының бас жүлдегері.
Шығармалары: Жүрек жырлайды. Өлеңдер. 1974; Жеті қазына. Балладалар мен поэма. 1977; Түннің көзі. Өлеңдер. А., 1980; Өмірөлең. Жыр кітабы. А., 1982; Молодые поэты Средней Азии и Казахстана. М., «Молодая гвардия», 1982; Глаза ночи. Стихи. А., 1983; Царь слова. Стихи, поэма. М., «Советский писатель», 1984; Сұлулық сарасы. Өлеңдер, поэмалар. А., 1985; Дүниежарық. Жыр кітабы. 1987; Наследник. Поэма. 1988; Батқан кеменің бейбақтары. Дастандар. 1990; Мұнар, мұнар, мұнарым… Қасірет кітабы. 1992; Иран бағы. Таңдамалы. 1995; Сөз патша. Таңдамалы. 1996; Жыр әлемі. Жыр кітабы. 1996.

Көп оқылғандар
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Жас жігітке өмір туралы ашық хат
08.08.2022
1273
Ар ұстанымы, имандылық және серт
08.08.2022
778
Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы
10.08.2022
592
Серіктің жыр сапары
12.08.2022
355
Жантас Еркін. Лиза
13.08.2022
247
Күліп отырып, күрсінесіз бе...
03.08.2022
5597
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Акутагаваның әңгімесі
05.08.2022
2816
Құндыздың жүрегіндегі көбелек
21.07.2022
2585
Нұрлайым Батыр. Салынбай қалған портрет
01.08.2022
2464
Дүниенің кем-кетігін түгендеген
28.07.2022
2233
Ілекең феномені
04.08.2022
1835
Нұрбек Мырзабекұлы. Көлеңкелі өмір
19.07.2022
1832
Көркем әдебиеттегі қара шаңырақ пайымы
28.07.2022
1746
Ықылас Шалғынбай. Қиялда аққан өзен
26.07.2022
1689
Жылқышы Ақтайұлының сыбызғышылық өнері туралы
05.08.2022
1663
Өлең-жырлардағы жылан бейнесі
02.08.2022
1470
Ерлан Аманқожа. Қаламыңның ұшында тұрған өлең
23.07.2022
1390
Сенің алтын тұяғың бар, самға енді Көкмойнақ
19.07.2022
1372