Бақытжан Майтанов
МАЙТАНОВ БАҚЫТЖАН (1952 – 2011)
27 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданы Сарықамыс ауылында туған. 1974 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші болған.
1974–90 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, кіші аға ғылыми қызметкер, 1990 жылы Қазақ энциклопедиясы бас 334 ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ редакторының орынбасары, 1990–96 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, профессор, 1996 – 99 жж. Қазақ мемлекеттік Заң университеті қазақ, орыс, шығыс тілдері кафедрасында профессор болып қызмет етті.
1998 жылдан ҚР ҰҒАның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекшісі. 2000 – 2011 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасының меңгерушісі болды.
Әдебиет сыны мен әдебиеттану саласына 1969 жылдан бастап араласып, республикалық газетжурналдарда жарияланған мақалаларымен көрінген. 1997 жылдан ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлығын алған, 2006 жылы «ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына ие болған, 2008 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты төсбелгісімен марапатталған. Үш жүзге жуық әдеби-сын, әдебиеттанушылық сипаттағы мақалалары жарық көрген. М.Әуезовтің шығармаларының елу томдық академиялық басылымына ғылыми жетекшілік жасаған.
Шығармалары: Қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Зерттеу. А., «Ғылым», 1982; Көркемдік нәрі. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1983; Қаһарманның рухани әлемі. А., 1987; Суреттеу мен мінездеу. А., 1991; Мұхтар Әуезов – суреткер. А., 1996; Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996; Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. А., 2001; Сөз сыны. А., 2002; Романның баяндау жүйесіндегі автор. А., 2003; Көркем әдебиеттегі психологизм. А., 2004; Абай; Портрет поэтикасы. А., 2006; Монолог құрылымы. А., 2006.
Көп оқылғандар
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Майдангер ақын Сырбай Мәуленов
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
«...КІТАПТАР бізді жазады»
«Абдолла» поэмасы – ерлік пен оттың одасы
"Шалахметов шеңбері" кітабының таныстырылымы өтті
Саадидің қазақ әдеби дәстүріне әсері
Сөз шырайын сақтап аудару
Маржан Ершу. Исатай – Махамбет (поэма)
Қазақ әдебиетінің қара нары өмірден өтті
Кітап ұлттың рухани құндылығына айналуға тиіс...
Елімізде «100 кітап» сауалнамасы басталды
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
Қауышу мен қоштасу жайлы...
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
«Қоңырқаз» дер кезінде бағаланбай қалды...»
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) II бөлім
Хан Ган жазбалары (аударма)
Ғабиден Мұстафин майдан жылдарында
Прозаға арналған алғашқы фестиваль
Тоқсанға келген абыз