Сайын Мұратбеков
Сайын Мұратбеков 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған.
1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).
2007 жылы 13 наурызда өмірден өткен.
Көп оқылғандар
РУХ МҰНАРАСЫ!! Ақпері Ахмет
«Кино» кейіпкерлері
Хан Ган. Ет жемейтін әйел
Мұқағали...
Шеберлік пен кемелдіктің иесі - Марал Хасен туралы
Қазақтың «Қара құрдымы»
Роза Мұқанова. Бағира – Шер…
Жұматай Жақыпбаев. Жаным бар мені шығарар шырқау биікке
Қара өлеңнің Қарауылы
Дулат Исабеков. Әдебиет жаңашылдыққа ұмтылуы қажет...
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...»
Санадағы абақты үрейі
«Қазақтың қатесі – Абайды сабатқанында...»
Қазақ әдебиетіндегі Жошы «жорығы». Әлібек Байбол
Толымбек Әбдірайым. «Ор болып қалушы еді шапқан жерің...»
Жарық пен сызық
«Қараштың оқиғаларынан» сыр тартқанда
Тігінші (Новелла)
Гүлзада Ниетқалиева. Қаройдан соққан қоңыр жел
Қуаныш Жиенбай. Театрға артқы есіктен кіретін кісі (әңгіме)
Асқар Алтай. Шаң қаптырмас шабандоз