Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Серік Тұрғынбеков
Серік Тұрғынбеков 1946 жылы 1 наурызда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Тосын құмында, Төлеген қыстауы деген жерде туған. 1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Торғай ауылындағы Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясына қызметке орналасқан. 1967– 1973 жж. Қазақ радиосында аға редактор, 1973–1978 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі, 1978 жылы Халық творчествосы үйінде фольклор бөлімшесінің жетекшісі, 1980 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор, 1981– 1985 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып істеді. Бұдан соң «Ақиқат» журналында, Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театрында түрлі қызметтер атқарды. Қазір Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры.
Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Сонымен бірге аудармамен де айналысады. Оның аудармасымен А.Твардовскийдің лирикалық өлеңдері «Перзент сыры» деген атпен (1984, «Жалын»), «Бауырлас жырлар» сериясы бойынша П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» поэмасы (1985, «Жазушы») оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Шығармалары: Қобыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Көкейкесті. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; Торғай толғауы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Жүрегімнің сәулесі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1983; Тыңда түлегендер. Очерктер. А., «Қайнар», 1983; Кеш келген көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Жерорта. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998.

Көп оқылғандар
Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы
10.08.2022
611
Серіктің жыр сапары
12.08.2022
397
Жантас Еркін. Лиза
13.08.2022
311
Күліп отырып, күрсінесіз бе...
03.08.2022
5612
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3987
Акутагаваның әңгімесі
05.08.2022
2832
Құндыздың жүрегіндегі көбелек
21.07.2022
2596
Нұрлайым Батыр. Салынбай қалған портрет
01.08.2022
2482
Дүниенің кем-кетігін түгендеген
28.07.2022
2245
Ілекең феномені
04.08.2022
1847
Нұрбек Мырзабекұлы. Көлеңкелі өмір
19.07.2022
1846
Көркем әдебиеттегі қара шаңырақ пайымы
28.07.2022
1757
Ықылас Шалғынбай. Қиялда аққан өзен
26.07.2022
1700
Жылқышы Ақтайұлының сыбызғышылық өнері туралы
05.08.2022
1683
Өлең-жырлардағы жылан бейнесі
02.08.2022
1481
Ерлан Аманқожа. Қаламыңның ұшында тұрған өлең
23.07.2022
1403
Сенің алтын тұяғың бар, самға енді Көкмойнақ
19.07.2022
1390