Дәулеткерей Кәпұлы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы.
Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын (2000-2002), аталмыш университеттің докторантурасын (2012-2015) тәмәмдаған.
Еуразия университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1999-2005), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазақ филологиясы факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы (2006-2008) қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімдігі, Мәдениет басқармасының қызметкері болып жұмыс істеген. Астанада жарық көрген «Алтын тамыр» әдеби-танымдық жұрналының шеф-редакторы болған. Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметінде болған. Қазір қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
И. Байзақовтың 100 жылдығына арналған респуб- ликалық ақындар айтысының, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының 60-жылдық мерейтойына арналған халықаралық айтыстың, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған халықаралық айтыстың, Дәулетбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Мәскеу қаласында өткен қазақ ақындар айтысында көрсеткен үздік өнері үшін бірінші орынды, және Бішкек қаласында өткен Ұлы Жеңіжоқ ақынға арналған халықаралық айтыста 1 дәрежедегі «Ардақ» белгісі мен жүлделі бірінші орынды, Қ. Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің 10 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орын, Көкшетауда өткен Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орын, Маңғыстауда өткен Қ. Күржіманұлы атындағы айтыста бірінші орын, «Қазақ әдебиеті» газетінің 70 жылдығына арналған республикалық айтыстың бірінші жүлдесін, Мәлік Ғабдуллиннің 90 жылдығына арналған республикалық айтыстың бірінші жүлдесін иемденген.
2000 жылы «Жұлдыз» жұрналы жариялаған А.Ыбыраев атындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының бас жүлдесін, III-ші халықаралық Шығармашыл жастардың Шабыт фестивалінің поэзия номинациясы бойынша гран-при, Аягөз ауданының 80 жылдық мерейтойына тойына арналған республикалық жазба ақындар сайысының бас жүлделерін иеленген. «Ұлытау ұлағаты – Ұлт тарихы» атты республикалық мүшәйрада бірінші орын, «Азаттық аясында» атты республикалық мүшәйрада екінші орын иеленді.
«Жыр тәңірі», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Байбесік тұмалары», «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы», «Шабыт», «Жидебай», «Жанартау», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Дорог небесных вехи (Жемчужная поэзия)» (орыс тілінде, Мәскеу), «Antologia de la poesia kazajia contemporanea» (испан тілінде, Испания), «Yenı qazax seırı antologıası» (әзірбайжан тілінде), «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясы т.б. қазақ ақындарының біріккен жыр жинақтарында өлең-жырлары жарияланған. «Сүтті іңір» (2007), «Бүлдірген ағып түскенше» (2011), «Шертолғақ» (2013), «Бөрісырғақ» (2014), «Терісбұрау» (2017) атты жеке жыр жинақтары, «Қалам, сия – көз жасы» (Ақыт Үлімжіұлының шығармашылық тұлғасы, 2018) монографиясы жарық көрген.
Сегіз сері Баһрамұлының (Мұхаммед-Қанафия) өлең-дастандарын құрастырып, шығармашылығын саралап «Елорда» баспасынан «Гауһартас» деген атпен шығарған. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Оспан батыр Ісләмұлы туралы танымдық кітапты құрастырып, баспадан шығарушы. Талантты ақын, драматург Е. Асқаровтың «Жүрекжарды», «Арманымның ақ құсы», «Шығыс жұлдыздары» (2 том), Ш. Әбеновтің «Шыңғыстау» атты кітаптарын құрастырған. Түркияның Адана (Тарсус) қаласында өткен түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы сегізінші еларалық поэзия фестивалінің лауреаты.
Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. Астана қаласының 10 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекелік медалдарымен және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамынының «жоғарғы дәрежелі Қазақ тілі» медалымен марапатталған. Моңғолия Демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.
Көп оқылғандар
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Юй Хуа. Соқыр ішек
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…