Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
К
Кәбір Абдуллин

Кәбір Абдуллин

Кәбір Абдуллин
Рейтинг:
Өмірбаяны

Абдуллин Кәбір 1943 жылы 11 шілдеде Қытай Халық Республикасының Шағантоғай елді мекенінде туған. Семей педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол, әр жылдары кеңес атқару комитетінің төрағасы, шаруашылық кәсіподағының төрағасы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеген. Кейіннен облыстық «Семей таңы» газетіне арнаулы тілшілікке ауысып, республикалық «Ара» журналында, араб әліппесімен шетелдік қандастарымызға арналып шығарылған «Біздің Отан», «Шалқар» газеттерінде қызмет еткен.

Ақынның әркез жазған өлеңжырлары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Көңіл әуендері» атты ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері, «Күміс күйме» ұжымдық жинағына поэмасы енгізілген. «Алтын мүйіз ақ құлжа» атты жинағы жеке кітап болып 2004 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген.

 2007 жылы «Үш қиян» баспасынан «Құдірет» атты жыр жинағы шыққан.


Podcasts

Көп оқылғандар