Бақыт Сарбалаев
1969 жылы Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтын тамамдады. Туған ауылындағы мектепте бір жыл сабақ береді. 1970 жылы Алматы облысындағы Іле аудандық «Ильич жолы» газетіне жұмысқа орналасады. Бұдан кейін республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінде төрт жыл қызмет атқарады. 1974–1978 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдебиет пен өнер, 1978–1982 жж. «Жалын» альманахының сын мен өнер бөлімінде жұмыс істейді. 1982–1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында аға редактор, 1986–1990 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының сын бөлімінде әдеби қызметкер болды. 1990 жылдан ұлт газеті «Ана тілі» газеті апталығы бас редакторының орынбасары, 1995 жылдан халықаралық «Қазақ Елі» газетінің бас редакторы міндетін атқарды. 2007 жылдан «Сын» журналының Бас редакторы.
Алғашқы «Өлең салмағы жүрекпен өлшенеді» атты сын мақаласы 1966 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарық көрді. 1981 жылы «Қызыл алма» әдеби-сын мақалаларының жинағы жарық көрді. «Ақиқат алдында», «Өткірдің жүзі», «Ел мен Елбасы» атты кітаптары шықты. Жекелеген шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, моңгол тілдеріне аударылған.
1979 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық VІІ кеңесіне қатысты. Қазақстан Журналистер одағының (1992) және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (1994) лауреаты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқа мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Шығармалары: Қызыл алма. Эсселер. «Жалын», 1981; Ақиқат алдында». Әдеби сын. «Жазушы», 1986; Бейімбет Майлин, «Сенің сүйікті жазушың» сериясы. «Мектеп», 1989; Өткірдің жүзі. Әдеби сын. «Жазушы», 1991; Ілияс Жансүгіров. «Сенің сүйікті жазушың» сериясы. «Мектеп», 1992; Нұрлан. Шығармашылық портрет. «Ан Арыс», 2007; Жиырма бес. Әдеби сын. «Ан Арыс», 2008; Бес мүшел. Әдеби сын. «Ан Арыс», 2009.
Көп оқылғандар
Есбол Нұрахмет. Сыпайы жігіт (новелла)
Сағындық Рахымжан. Қарғыс (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Жаңа замандағы Қытай әдебиеті
Фариза Әбдікерімова. Жүрек жоқ жерде, ізгілік жоқ
Жанай Амантурлин. Жетімнің көз жасы (әңгіме)
Максималар мен қоғамдық ойлар...
«Күй» повесі театр сахнасында
Абай тойы – халық тойы
«Ақан да Жалмұқан да бір-бірімен сыйлас адамдар болған...»
Дидар Амантай. Қызыл іңір
«Ұйқыдағы ару» – мәңгілік махаббатты әйгілейтін балет
Есбол Нұрахмет. Сыпайы жігіт (новелла)
Жібек Болтанова. Сөнбейтін жұлдыз
Оралхан Бөкей: «Әттең, Терісаққанға Есіл құйса ғой…»
Абыройлы ақын, ардақты ана...
Ұлан Қабыл: «Грушені өлтіру – мен үшін ең ауыр шешім болды»
Әулеттің ендігі иесі – «смартфон-ұрпақ»
Атырау өңіріндегі жыршылық дәстүр
Қазақ әке - қандай әке?
Бала тәрбиесі: кеше, бүгін, ертең...
Ораз Исаев әдебиетке қалай қамқорлық жасады?
Mecenat.kz байқауының жеңімпазы анықталды
Балғындарға базарлық
Самал Зікірияқызы. Ақсақ киік
Ұлан Қабыл: «Режиссура — жанның тыныштығы емес...»
Сағындық Рахымжан. Қарғыс (әңгіме)