Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
К
Камардин Бектұрсынұлы

Камардин Бектұрсынұлы

Камардин Бектұрсынұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны

Бектұрсынұлы Камардин (1937–2003) - 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында туған. Шымкент педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 

1957–1961 жж. клуб меңгерушісі және жастар ұйымының жетекшісі болған. 

1961 жылы ауылындағы орта мектепте ұстаздық қызметін бастады. 

1965–1990 жж. Шұбардағы кәсіптіктехникалық училищеде ширек ғасыр дәріс берді. 1990 жылдан Ордабасы аудандық «Қазақ тілі қоғамы» ұйымының төрағасы болған. 

1956 жылы «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. 

1960 жылы бір топ өлеңдері облыс ақынжазушыларының «Оңтүстік өңірінде» жинағына енді. «Үміт сапары» (1975) атты тұңғыш жинағы «Жалын» баспасынан шықты. «Бір сыр бар» (1996), «Мың бір ой» (2001), «Амалбекке арналған», «Зерлі досқа шерлі сыр», «Әкеммен әңгіме», «Қай ауылда жүрсің сен?» (2003) кітаптары жарық көрген. 

Қазақ КСР кәсіптіктехникалық білім беру ісінің озаты атағы берілді (1987).


Podcasts

Көп оқылғандар