Ростислав Петров
Ростислав Петров Викторович 1932 жылы 1 наурызда Үрімші қаласында (ҚХР) туған. Әкесі мен шешесі 1920 жылдары Қытайға көшіп барып, 1938 жылға дейін Үрімші қаласында тұрған. 1938 жылы Гоминдан өкімет орындары бұларды Шыңжаңның Алтай округі Шарасуме қалашығына жер аударады. 1940–1944 жж. жергілікті орыс бастауыш мектебінде оқиды. 1944 жылы мектеп жабылады да, 1946 жылға дейін үйде оқып білім алады. Ал 1946 жылы Шығыс Түркістан Республикасы құрылған соң үй іші Құлжа қаласына көшеді. Құлжа қаласында КСРО Елшілігі жанындағы орталау мектепті, кейін КСРО азаматтары қоғамының Сталин атындағы орта мектебін 1951 жылы бітіріп, жұмысқа қалдырылады. Мұнда орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы, кейін оқу ісінің меңгерушісі, ақырында мектеп директоры болады. Сонымен бірге «Вестник народа» және «Новый путь» басылымдары редакцияларында қызмет атқарады.
1956 жылдан КСРО-ға көшіп келгенге дейін (1958) Құлжа қаласында КСРО азаматтары қоғамы тексеру комиссиясының төрағасы болады. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетін сырттай оқып бітірген.
Қазақ көркем әдебиет баспасында, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі карта кәсіпорындарында корректор болып істейді. 1962 жылдан «Простор» журналының жауапты хатшысы болды.
Көрнекті ұйғыр жазушысы З.Сәмәдидің, Ж.Босақовтың, қазақ жазушысы М.Қабанбаевтың шығармаларын орыс тіліне аударған.
«Черный Иртыш» кітабы 1991 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Көп оқылғандар
Несіпбек Айтұлы. Амангелді
Амангелді Кеңшілікұлы. Найзағайлы жаздағы жүздесу
Қазіргі әдебиеттің көшін лирика бастап тұр
Аманжол Исламғали. Күтеді мені тасада қалған ойларым...
Өнегелі ғұмыр иесі - Орал Арғынбеков
Астанада «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті
Нобель сыйлығына көзқарас
"Қазақ" газетіне 110 жыл
Қос кітаптың беташары
Ғабит Мүсірепов. Қарлы жаңбыр астында
Омарғазы Айтанұлы. Үркер суға батады
Жасыл түнмен тысталған кітап
О. Генри. Сыйға – сый
Рахымжан Отарбаев: Қашқын хаттары
Джек Лондон. Бір кесек ет
Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Құдайды ұмытқан әлем жазасы
Ғасыр бұрын жазылған құнды жәдігер табылды
Бальзак не себепті жазармандық «жезөкшелікке» дейін барды?
Асқар Алтай. Жазушы болу – тағдырдан шығар...
Ұлы шығарма жазған әйелдер
«Жетісу көктемі» прозашылар байқауы. №1 шығарма
Несіпбек Айтұлы. Амангелді