Мұрат Мөңкеұлы
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.
Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
Көп оқылғандар
Рымғали Нұрғали. Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған
Жас ақын-жазушылар байқауы өтеді
«Тастұма» рухани танымдық залы ашылды
Алтын кілт немесе Құң-зы даналығы һәм «Өзен иірімдері»
"ӨzgeEpic" – интеллектуал контент ұсынушы
Кадзуо Исигуроның «Жерленген алыбы»
Soyle.pro мобильді қосымшасы іске қосылды
Байтұрсынұлы туған күніндегі тілдер күні
«Mecenat.kz» роман байқауының 4 маусымы басталды
Қазақ тілінің мұңы
Көзімнің қарасы. Герменевтикалық талдау
Kazakh Opera Gala «Астана Операда» XII театр маусымын ашады
Рымғали Нұрғали. Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған
Тоныкөк туралы роман жазуды жоспарлаған едім
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар...
Алтын Иманбаева. Әкем бізді қаламақымен асырады...
Айтылып қойғанды басқаша қиыстыру
Түйені көрмес – қай көрмес?!
НАШАР ҚЫЗ (новелла)
Тақ тартысы: Тарихтан тағылым алдық па?
Ұлтқа қызмет ету - менің өмірлік басты ұстанымым болды.
Идиомәдениет: әдеби мәтіндердегі автордың әлемі
Бағзалда сілтенген балта (соңы)
«Шырмауық» атты фильм түсіріліп жатыр
БОЛМЫСТЫ БАЯНДАЙТЫН ТӨРТ КІТАП...
Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» романы туралы