One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Инклюзивті саясат пен практиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

BLOGS

19 february 2021
515
0

Инклюзивті саясат пен практиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

     2021 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім беру мәселелері жөніндегі кеңес мүшелерінің бірінші кездесуі өтті. Кеңеске мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енді. Кездесуді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырды.

 Кеңес қызметінің мақсаты – Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің ЕБҚ бар адамдардың (балалардың) білім алу құқықтарын іске асыру, оларға білім алу және қоғамға кірігу үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 Кездесу барысында қатысушалар инклюзивті саясат пен практиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, еліміздің барлық білім алушылары үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселелерін шешу бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті.

   Кездесу соңында Академия президенті Ғ.Б. Бейсембаев бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі, алға қойылған міндеттердің табысты шешілуіне сенім білдірді.

 Инклюзивті білім беру орталығы


Share:
     
Leave a comment:
Captcha