One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Самархан сапары

BLOGS

16 october 2020
1777
0

Самархан сапары

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.

 

2019 жылдың шілде айының алғашқы жартысында көне қала Самарханға жол түсті.Аптап ыстық, апшыны қурады. Пысық әйелдің отбасындай тап-таза өзбек жері мұнтаздай. Адамдары өзімен өзі қарбалас, жол бойында жер емген халық, жер тырмалайды. Бізіді Томжниядан Тәшкендік қазақ жігіті күтіп алды. Қысқа шортик киген Қарағандылық жас жігіт орысша қазақша араластырып сұрағын қоя бастады.

 

-Неге көлігіңізде таниропкі жоқ.

 

-Бізде таниропкі тек үлкен байлардың машинасында болады.

 

-Неге?  

 

-Неге дейсіз бе, ол тұнып тұрған ақша.

 

-Қанша тұрады.

 

-Мың доллардан ары басталады.

 

Даңғыраған жол, күн қарсы беттен шақырайя, көз ұялтады. Құйындатып жанымыздан өте шыққан көліктің терезесінен үлкен орамал ұшып жерге желберей барып жалып етті.

 

Көрдіңіз бе, барлығы амалсыз осылай көлігінің ішіне ормал тартады, ұмытып терезесін сәл ашты болды, ұшып түседі. Байқасаңыздар жолда жатқан ормал көп. Тоқтапешкім оны алмайды.

 

Біздегідей өзіңе тура жүретін мезгілсіз ажал болып келетін көлік жоқ, үш қатар жолақта машиналар бір қалыпты жылдамдықпен жүйткиді. Ташкент - Самархан бағыты, асыққандарға бір паласа бос, барлығыда жанармайды үнемдейтін сүйегі жеңіл, өз отанында жасалған автокөліктер. Күн ұясына батты, шам қойған шақ... Зулап келеміз, зулап келміз...асфалиттан басқа ештеңе көрінбейді...Тынбай сөйлейтін орта жас әйел.

 

-Сендерде мешіттен басақ баратын жер жоқ па, деп доғын айтып тоңқылдап Тәшкендегі әңгімесін тағы бастады.

 

Мұғалім деген бір күнін қайталай беретін іш пыстыр жұмыс болған соң жаздық демалысқа шыға сала үй-ішімізбен отарбаға отырып, қапырық ыстыққа қарамастан Түркістанға тарттық. Ескі шаһарда балаларымның нағашылары тұрады. Сонда бір қонып, ертемен анам екеуміз қожа Ахмет яссауй кесенесіне барып зиярат жасап, бесін намазымызды Түркістанда Түріктер салған жаңа мештте, айнек қабарғалардың астында терлеп тұрып оқып, Сарағашта бізді шақырған анамның қажыда бірге болған құрбысының үйіне жолға шықтық. Жайланып жатып жақсы күндерді еске алып анам бір қуанды.

 

Келіскеніміз бойынша Нәбижан ағам Алматыдан бізден екі күн кейін темір жолда жолаушы болып келе жатты. Біз ертесі түске жақын Сарағаш отарба бекетіне келдік. Набижан аға жанында бір жас келіншек бар вагзалдан шығып келеді, артынша жеңгеміздің де төбесі көрінді. Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпені  алатын қыз, бір ай бұрын жұмыста отырып кафедрада Ардақ апай берген телефон нөмірге хабарласқанда ағайдың аржағында даусы сылдырлай бәрімізге естілген болатын. Сол қыз екен, бізді күтіп алуға келіпті көлігімен. Қонаев атамыз салдырған шипажай сондай кең мол пішіліп, кешенді жобалармен әлемдік деңгейдегі курорттардың ешқайсысынан кем емес. Айналасы тақыр қағыр дала болса да, күзетшілер тұрған қақпадан өте жап-жасыл, әдемі сәмбі талдар төбеде төгілді, сап-салқын, тынысымыз кеңіп рахаттанып қалдық. Асфалитта жеңіл машина жеңіл жүйткиді, кинодан көретін еуропалық әдемі катеждер, гүл-зарлар, су бұрқақтары, сайраған құстар бәр бәріжарасымды...Орталық хауыстың түбі, екі адам бір бөлмеге жайғастық. Шипажайдың демалыс күндері жұмыс істемейтінін естіген мен «сапраға шығыңдар Алланың хикметін сезіңдер» деген хәдисті есіме алып, тиіп тұрған өзбек жеріне баруды ойладым. Нәбижан ағай загран паспортын алмапты. Анам жолға шыдамайды. Туристік ферманың жарнамалық тақтайшаларын келгелі көріп жүргем, барып сөйлестім.

 

Мен ондағы аманға: мен базар, телемұнара, тағы басқа рухани мәні жоқ мекендерге бармаймын,Тәшкенде Төле би, Арыстан бабтың немересі Занки ата, Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесіне. Ал Самрханда Шаһи Зинда, Әмір темір, қожа Убейдұлла Ахрар хз, имам Матуриди кесенесіне зиярат жасаймын. «Соған мақаұл десеңдер барам» деп тұрғанымда алыстан талып азан естілді. Ымырт жабылып келеді, бейсенбі кірді, жұма намазды қайдан оқимын «базары жоқ, халқы аз жерде жұма оқу... Сарағаш алыстау ...сапрда жүрмін» деп өзіммен өім сөйлесе халық банкінің банкоматына жетіп картчкамды салғаным сол жұтып қойды. Ал енді Сарғашқа барасыңдейім ішімдегі мені азғырған бөтен сыбырға. Түні нұрлы, күндізі жарық жұмада тездетіп аяғымды ыстық суға салып, арқамды төк масжазға төсеп, одан тіземе ыстық өткізіп, артынша тоқ ішккке шылангі жүгіртікізіп, уаннаға бір сүңгіп түске жақын асыға басып Сарғашқа жұма намзына барып, қайтарда халық банкіден картчкамды алып,жолға ақша шығардым. Комнатаға келе жатып кешегі саяхат компаниясының қыздарына жолықтым. Сіздің айтқаныңыз бойынша Тәшкендегі такси жігітке хабарластық,ол келісті деді.

 

Мені алдыңғы орындыққа отырғызған жүргізуші, артықы орындыққа бір ер, бір әйелді мінгізді. Аз жүріп тас қалаға кірдік. Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстан тауларының етегіндегі әсем қала, құрылыстары ретті, атмосферасы үлкен. Жапырағын кең жайған үлкен жасыл теректер жолға сая. Төлеби атамыздың мазарына келдік. Үлкен аула, тып-тыныш, орта жастағы жуан қара кісі бізді қарсы алып, бізге беймәлім бірінші тұрған үлкен кесенеге кіргізді, сап-салқын бөлме. Төрде үлкен көкшіл құлыптас, аяқ жағында үшкішкене құлыптас жатыр, отырып құран оқыды. Шаршағанымызбасылып рахаттанып қалдық. Шығарда өзі бастап шегініп шықты. Бізде солай істедік. Қып-қысқа ыштан киген қазақ жігіті мен сары көйлекті әйел қайда келдік, бұл кім деп аң-таң. Солға қарай аз жүріп шатыршашы үш бұрышты қырдай басқа кесенеге кірдік «міне сіздердің аталарыңыз қарылғаш би осында жатыр» деп бетімізге қарады.Мен «Яссин» сүресін ұзақ оқып бағыштадым. Сырқта шығып кесене алдында естелік қалдырдық.

 

-Мына бірінші кірген үлкен кесене кімдікі?

 

-Бұнда сіздердің аталарыңздың пірі Шеххауа Тахир деген үлкен әулие жатыр, сондықтан әдеп бойынша бірінші ұстазына құран оқып, содан кейін ғана Төлеби атаға құран бағыштадық. Қарылғаш би «мені пірімнің жанына жерлеңдер деп өсиет еткен екен».

 

- Бабамызға жақсы қарап жатыпсыздар рақмет сіздерге.

 

-Қарылғаш би осындағы Абдулла ханның билік құрған кезіне (1557-1598) салынған Мауараннахр мұсылмандарының орталық білім жұрты болған Көкілдаш медресесінде оқып 13 жасында Құран қариы болған.

 

Қаланың ортасы. Үлкен алаң, кешенді тарихи аумақ, дәл ортасында Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесі өзбек шеберлерінің қолымен әдемі өріліпті. Ұлттық нақыш құрылыстың ішкі сәнін асырып тұр. Құран бағыштадық. Оңжақтағы хауыстан дәрет жаңалап, үлкен мешітте екінті намаз оқып, Зенки ата кесенесіне тарттық...Зенки ата қожа Ахмет Иассауи атаның төртінші халпесі Хәкім атаның негізгі халпесі.

 

Зекни ата Тас қала маңында бала-шағасын асырап ауылдың сиырын бақты. Намазын оқып болған соң дауыстап зікір салатын, сол кезде сиырлар атаның айналасына дөңгелене жиналып қоршап тұратын, зікір тоқтамайынша оларда жайылмайтын. Бұзаулар енесімен бірге күні-бойы бірге жайылсада еш ембейді.

 

Кеште қораға барғанда бұзаулардың емшек еметіні естеріне түседі.

 

Қысы жазы Зенки ата жалаң аяқ жүретін. Бұхардан медрессе тауысқан төрт шәкірт Ташкенге жақындағанда апат ыстықта жалаң аяқ қалың тікенді басып сиыр бағып жүрген қап-қара кісіні көреді.

 

-Ассалаумағалайкум Рахматоллаһи баракату.

 

-Уағалайкумассалам Рахматоллаһи баракату.

 

-Иа, жігіттер қайдан келесіңдер, жол болсын!

 

-Біз Бұхарадан медресе бітірдік, Хақ жолына жақындау үшін өзімізге кәміл мүршді пір іздеп жүрміз. Тоқтаңдар, бір жақтан кәміл мүршидтің исі келсе, қазір айтамын депАта жан- жағына қарап, мұрнын көтере асықпай искей бастайды.

 

Бүкіл әлемді шарлап шықтым, сіздерді кәмілдік мәртебеге жеткізетін өзімнен басқа піріді көріп тұрғамын жоқ. Жаңадан оқу тауысқан жігіттердің екеуі осындай жұпыны адамға қол беріп, мүрит болғанша деп алға жылжи береді. Екі жігіт бірден Атаға шәкірт болуға келісіп сонда қалады. Екі жылдан соң баяғы екі жігіт пір тапай қайта оралып, Зенки бабаға бас ұрып аяғында жатып мүриіт болыпты...

 

Қаланың шетіне шықттық қалың адам, қаптаған көліктердің арсына тоқтап, қатар қатар кесене, қабырстандықты аралап отырып Зенки ата басына кезек күтіп кірдік, адам өте көп. Іште ақ сәлделі молда құран оқып, дұға жасап отыр. Кірсең шыққың келмейді, екінші жамағаттың арсына тағы еніп, тағы дұғаның ішінде болып бойым балқып, жаным толқып, денем жеңілдеп сыртқа шықссам қысқа шортиктегі жігітпен сар көйлекті әйелдің жанына тағы бір шашы жалбыраған орта жас көк көз әйел тұр, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Әулиенің басы. Үнсіз тілімізді тістеп жүргізуші екеуміз тездете көлікке келдік...өлген адамдарды түгендеуге келдік пе, мешіт, қабыр.. надайыл... тоқтаусыз сапылдап, еріп келеді.

 

-Мынау қайдан келген пәле.

 

-Сіздермен бірге төрт машина адам өткен тамжниядан солардың біреуіндегі әйел, жанындағылармен шығыспай қойыпты, сосын бізге әкеліп тастады.

 

Көліке міндік. Тағы боқтықты боратып жүргізушіні сыбап болып, маған ауыз салды, аз үндемей отырсам сөзі жаман.

 

-Әулиенің басында жүрміз, назасы ұрмасын десең сөзді тоқтат, деп қатаң ескерттім.Тыншып қалды. Аз тұрып тағы өзімен өзі былпылдап сөйлеп келе жатты. Еш елемедік.

 

-Базар барма, басымнан күн өтті, шылапа алам деп, байбалам салды жаңағы қатын. Тәшкендегі ежелден келе жатқан ең үлкен Чорсу базары осы деп Сыртқы формасы алып саңырау құлаққа ұқсайтын құрылыстың алдына тоқтай қалды жүргізіуші.

 

Базарға ендік. Адам жанынан басқанның бәрі бар... самсап тұр...Нанның исі мұрынға ұрды. Жер бетінбе бар жемістің барлығы осында тұр. Өзбек десе көз алдымызға ауламызда шаң-щаң болып қара жұмыс істеп жүрген еркетер келеді. Тап таз киінген, ақ жағалы, ухы биік өзбектерді көрдік. Жолға жеміс пен нан алдық. Шылапа алғанша, басқа заттың бағасын сұрап көрдік 30 мың сомана басталады. Естігенде шошисың, біздің теңгеге шақсаң екі мың теңге. Тәшкенен шыға жүргізуші бізді түсіріп жанармай құюуға жалғыз кеттіп әудемде оралды....Зулап келміз...зулап келміз...

 

Сары дала белгісіз күй шертеді...бұл дала кезек-кезек Соғды, Хорезем, Парсы,Македонски, Бактрия,Күшан,Қаңлы, Эфталит, Түрік қағанаты, Арабтар заманы Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. Самани мемлекетіҚарахан әулетіҒазнауи әулетіСалжұқтар мемлекетіШыңғысхан империясы, Шағатай ұлысы, Әмір Темір империясы, Ұлықбек заманы ғылым мен мәдениетіңошағы саналды. Мұхаммед Шайбани билігі жергілікті тұрғындармен сіңісіп “Өзбек” этнонимі ортаға шықты. Бұхар хандығыХиуа хандығыҚоқан хандығыРесей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кірді... Бәрі бітті, көрген түстей... шалқайып тағында жатқан хандар, қымызға бөртіп мас болған мамыражай тірлік зым-ғайым елес болып қалды....түн...зулап келеміз... Зеравшан жотасына жақындап қалдық деді жүргізуші. Арттағылар үнсіздікке енді өтті. Мен ішімдегі басқа біреумен сөйлесіп келемін...

 

Зеравшан аңғары. Самархан айлағы басталды. Шыңғысхан әскерлері қаланы алуға келді....жер қайысқан қалың қол, шетінен сайып қыран... Нәжмидин Кубра Самархан қақпасынан шығып аяғын табалдырыққа қойды. Жуалашы әскердің көз алдында тек сар дала сыңсып ән салып тұрды...қала жоқ...тосылған әскер шатырларына кері қайтты. Бір таң асырып ертемен қалың қол тағы қатал әміршінің бұйрығымен қаланы жаулауға тағы келді. Кешегідей ақсақалды, сәлде ораған Нәжмидин Кубра қақпаға аяғын қойды...сар дала сыңсыды...әскер тағы жер шұқып түк таппай кері қайтты...үшінші күн әулие кереметін көрсетуге келгенде Қызыр(а.с) келіп бұлар Алланың қалауымен келе жатыр деді. Қалың әскер қаптады... ілездеқаланы алды... шырақтары самсаған ескі рухани шаһар... білген дұғамды оқып кірдім....Тіл жетпейтін, көз көре алмайтын тылсым энергия, тек жүрек көзі байқайтын әлем... өз шамамның келгенінше аздап сезіндім. Шаһи зинда күндізгідей нұр шаша жарқырап жанып тұр... «Шаһи Зинда»-«тірі патша» қабырстаны Қараханидтер кезінде салынған. 640 жылы Мұхаммед(с.а.у) пайғамбардың немере ағасы Кусаман ибн Аббас хз.келіп 13 жыл бойы дін таратқан. Зороастриян дініндегілердің атқан оғы тиіп шаһид болады. Осында жерленген. 20дан астам кесене сап түзеп, жерден көкке нұр шашады.

 

Қаланың дәл орасында Әмір темір таяғын ұстап қасқая қарап отыр, үлкен жотаның үстінде Ұлықбек төменге көз салады, жанында кешенді ғимараты қол бұлғап шақырады. Рухани ауамен дем алып, тынысым ашылып рахаттанып қалдым...Қонақ үйге келдік. Ауланың айналасы қоршалған биік катеждер ортасы кішкене орман, жасанды көл  қиқулап қаз жүзіп жүр...Мен тезден дәретімді жаңалап құптан оқуға тұрдым...екі келіншекпен мазасыз жігіт үшеуі қаздарды қуып шығып көлшікке шолып-шолып етіп түсіп кетті...

 

Таң атты, сондай сергек ояндым...ғұсыл алып таң намазын оқып далаға шықтым. Айнала аспаннан түсе қалғандай жап-жаңа әдемі үйлер. Әмір Темір кесенесіне жанымдағы үш бейбақты басқа көлікке салып жүргізуші Асан екеуміз бөлек бардық. Айбатты билеушінің кесенесі сондай айбынды, паңдана ұзаққа көз салады. Кесене ішіне ендік, төрде бөлек жатқан ақсұр мырамор құлып тас  нұр шашады. Бұл кісі Бұхаралық үлкен әулие Әмір Күлал (хз )нің ұлы Омар Күлар (хз), Әмір Темірдің бас ақылшысы. 48 елді жаулаған Әмір Темір Пірі Мир Саид Бараканың өкшесінде қара құлптаста жатыр. Ұстаз бен шәкірт жарасып тұр... Темірдің екі ұлы Миран Шаһ, Шаһрух, немересі Ұлықбек, сүйкті немересі Мұхаммед Сұлтан, шөбересі Абдулло Мирзо, Абдурахмон Мирзода осында бірге жатыр. Атақты Темір әулеті осылай мәңгілік ұйқыда. Рухқа еш өлім жоқ. Аллат Таға  әулиелердің рухына әлемді шарлап кезіп жүруге рұқсат берген. Алланың арқанына мықтап жабысқан, тариқатты мықты ұстанған алпаут билеуші Темір рухани тәлімгері Мұхаммед(с.ау) пайғамбардың ұрпағы, шейх Мир Саид Барака және Математика - риезнет, геометрия, архитектура - миморлик, астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих, музыка саласынның білгір ғалымдары Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин Хорезми, қожа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хакилермен бірге кеңес құрып отыр...Тәндерінде рухтары қамалған тірі жандардың да қарасы қалың, тәнінен бөлек рухтар оларды естімейді де елемейді, өздерімен өздері дөңгеленіп әлі отыр.

 

Құран оқып, бағыштап далаға шықтық. Күн сондай шуақты. Қожа Убейдұлла Ахрар(хз). Кесенесіне бағытты бұрды. «Яссин» оқып келемін. Жақындап барып таба алмай қалдық. Асан кетіп бара жатқан орта жас қара кісіден сұрады. Сіз айтып отырған кісі Қожа Уали мазары деп аталады деп, бізге жол көрсетті. Бір фатиха он бір ықлас оқып үлкен аулаға ендік. Орада хауыз, айнала бөлмелер, түпкі төр бөлмеде хәзіретті қожа Уәлидің қолдан салған фотасы үлкен тақтада тұр. Астында 806(1428)-895(1490)жылдары деп жазылыпты. Қожа Уәли түсінде «Шариғат сенің медетіңмен күшейді» деген дауысты естіп,Тәшкеннен сол кездегі Самархан билеушісі мырза Шаһрухтың немересі мырза Ибраһимнің ұлы мырза Абдуллаға келеді. Сұлтан бектеріне жолығып «біз сұлтанға жолыққалы келдік,сіз бұл іске себепші болсаңыз көп жақсылық болады». Бек әдепсіздік көрсетіп «біздің мырза ештеңемен ісі жоқ адам, онымен жолғыдың қажеті шамалы. Дәруштердің мұнда несі бар!»-дейді. Қожа хазіреті «маған сұлтандарыңмен кездесуге әмір етілді. Өз бетімше келген жоқпын. Егер сіздің мырзаңыз жауапсыз адам болса, оны кетіріп орнына қабілеті бар басқа біреу келеді»-деді. Осы уқиғадан бірнеше күннен кейін Түркістан сұлтаны Әбу Сағид түсінде қожа Ахмед Иассауй (хз) нұсқауымен қожа Убейдұлла Ахрар (хз) бата бергенін көреді. Сұлтан түсінде көрген кісінің бейнесін айтып іздестіріп Тәшкенде сондай әзіз кісінің бар екенін біліп сұлтан дереу жиналып Тәшкенге келеді, сұлтанның келе жатқанын білген хазіреті Фархатқа кетеді. Тәшкеннен таба алмаған сұлтанда ізімен Фатхаға келгенде қожа Уәли өзі күтіп алады. Уа, Алла түсімде көрген әзіз осы дейді. Дереу қожа хазіретінің аяғына жығылып, кішпейілдік көрсетеді. Хазіреттен бата сұрайды.

 

-Сіз Самарханға қандай ниетпен бара жатырсыз, егер шариғатты күшейту, халқына рахым, шапағат жасау ойында болсаңыз жеңіс сізде дейді.

 

Сұлтан уәде етіп, әулиенің батысын алады. Әулие: аратыңызда бір топ қарға пайдаболмай шабуыл жасамаңыз деп ескертеді.

 

Самархан маңы. Шайқас алаңы.Тәшкенде қожа Убейдұлла хазіреті Әбу сағитке медет тілеп отырды... Самархан сұлтаны Абдолланың әскері шабуылды басатапӘбу Сағиттың оң қанатын бұзуға ұмтылды, тіпті сақадай сай қаруланған әскер сол қанатқада шабуылды бастады, Әбу сағйдың біраз әскері қарсы жаққа қосылып кетті.Осы кезде бір топ қарға пайда болды. Көктен бір ақ құс түсіп мырза Абдолланы ұстап өлтіргенін көреді... Жанындағы Маман руының баһадүрі Хасанға қуана қараған сұлтан Әбу Сағид: «не көріп тұрсың» дедеі. Ол қожа Убейдұлла хазіретін көріп тұрмын, біздің алдымызда кетіп барады. Алланың атымен аныт етемін менде әулиені көріп тұрмын деді сұлтан. Жауға қарсы шабуылды бастады. Мырза Абдолланың басын алып, Самархан билігіне оңай қол жеткізді. Одан кейін сұлтанның ұсынысымен Самарханға көшіп келеді. Кейінгі Жүніс ханның ұлы Ахмет Самарханды билеген шақта оған рухани ақылшы болады. Үш ағайынды Мырза Омар шейх, Махмұд хан, Ахмет хан ортасындағы сұрапыл ұрысты тоқтатады. Медреседен шығып әулиенің қабірінің басына бардық, көк тақилы жас жігіт «яссин» сүресін дауыстап оқып отыр, бізде дұғаға қосылдық, одан кейін өзім оқыған құранды бағыштадым, қабір басындағы шипа судан ішкенде өне бойым дір етіп, ішімдегі бүкіл от өшті, жаным рахаттанды, әдемі бір самал бетті бяу өбеі. Тыныштық, кең тыныстадық. Атақты ғалым имам Матуриди кесенесіне бардық, іші сырты мұнтаздай тап-таза кесене, шырақшысы сары жігіт қарсы алды. Құран бағыштап қайттық...

 

 

***

 

 

Кеш бата Сарағашқа келдік.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha