Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Көкбөрі Мүбарак

Көкбөрі Мүбарак


Көкбөрі Мүбарак – 1994жылы қазақтың шығыстағы алтын шаңырағы болған Алтай аймағында, Көктоғай ауданының Оспан батыр шоқысы деген жерінде дүниеге келген. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология және этнология» факультетінде 3 курс студенті. Шығармашылығы мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. Жас ақынның тұңғыш жыр жинағы «Аққудың исі» деген атпен жуықта жарық көреді.


 

ТӘКЕҢНІҢ АҚ ҚАЛПАҒЫ

 

Анау ақ қалпақтың ішіне

жұмыртқалағаны құс емес,

Жұмыртқалаған оның анасы.

Қалпағын қайта көрсетіп мақтана түсті жүз елес,

Қарай берді оған Алашым.

 

Ақ қалпақ қанша тербелді-ау,

Балапан қашан шыққанша...

Мынау бес күндік жалғанның қалпақы сиқын көрген жан,

Өзі де қалпақ астанада іңгалағанын ұққанда...

 

Іңгасы жарып бөбектің,

Ақ қалпақ қайта қозғалды...

Ақ қалпақтан ұшқан әуеннің қайсысына қалқам керекпін,

Жұп-жұмсақ етіп үгітіп етті-ау жолдарды.

 

Қос жеңгесі бұған қайрылмай-

Кеткен бір әппақ төбелер...

Ақ қалпақтан кейпі айрылмай,

Төбелерге енді не дер ол...

 

Ақ қалпағын кейде көтеріп,

Жымиып қызыл күн тұрды...

Сол кезде Тәкең жөтеліп,

Түрмеден шығып бара жатып та құлпырды...

 

Құлпыршы қызыл дүние,

Тәкеңнің жүзін қорғап қал.

Қалпақсыз қалың ақынның аспандарға ішінен кім ие,

Аспанды ала кет сол жаққа!...

 

 

ДӘРМЕНЕМ

 

Сенің кеудең жым- жырт әрі тұнықтау,

Түннің өзі бөлініп содан ұшып шығыпты- ау,

Жастығыңда жатқан шашың ғасырларша шырмалып,

Маңайдағы ғасыр біткен мазамды алды ырғалып...

Танауыңнан ескен тыныс қара өлеңге көміліп,

Тынысыңа отырдыңба құлагердей төгіліп,

Қара шашың айғыздайды баяндардың елесін,

Қызжібек те сәл шашыңды төге берме демесін,

Танауыңнан ұзап шыққан жалғыз шөкім түтін бе,

Түтін шығар... мұнар ма екен... жатыр аспан күтімдеп...

Жалғыз демің аспан жақтан сонша күтім көреме,

Сені қанша қатты қыссам, аспанға азық табады екем мен егер... Ернің жайлы өлеңге де қоспаймын,

Ерніңнен ай бөлініп, оны жұтып тастаймын...

Аяғыма жеп-жеңіл бір желеміктер тұрақтап,

Бауырымыз арасында қоңыр-күрең жыл аққан,

Сол түні аздап ұят болды-ау,

Өз жарымның кеудесінде өзін тіпті сағынып,

Қос түймеңнің сыздауынан томпақ айлар жарылып...

 

 

УІЛДЕК ТҮН

 

Қарағайға иілуден бұрын

Домбыраны ғана иіскедім,

Тәңертең киінуден бұрын

Домбыраны иіскей түскенім.

 

Жыландар билеуден бұрын

Домбыраны келіп иіскеген,

Ескі бір храмдар күйреуден бұрын

Ішегін келіп тістеген.

 

Пойыздар жүруден бұрын

Темірден ішегім бар деді,

Домбыраның ішегі өзін талға ілуден бұрын,

Пойызға ішегіңе Сары Арқа деген бір жалғыз сөз сал деді.

 

Кетті бұл арқырап

Сар- арға, сар- арға дегендей гүркілдеп,

Ішегі далада жалтырап,

Төбелер жамбасша қозғалды бүлкілдеп,

 

Әуенге елітіп

Әппақ түн жылтырап барады,

Домбыра мені де ерітіп,

Болаттай көздерім шанағы ішінде шыңғырлап қалады.

 

Домбыраны енді иіскей алмадым...

 

Обал-ақ, сол түнге...

 

Оставить комментарий:
Captcha