Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Ұзағалиев Дидар Талғатұлы

Ұзағалиев Дидар Талғатұлы


Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Жұмекен ауылы.

«Мәңгілік ел мұратым» - республикалық жас ақындар мүшайрасының жүлдегері. 2017 жыл Астана қаласы. т.б облыстық мүшайралар жеңімпазы.

ҰЛЫ ЖЕРДІҢ КЕУДЕСІНЕ ГҮЛ АШҚАН

 (Таңжарық  Жолдыұлына арнау)

 

Ақын бабам, батыр данам Таңжарық,

Тас тұманды, тар заманға шам жағып.

Темір тордың көк тасына қашалап,

Өлең жазған, көк сиясыз қан жағып.

 

Күн шығыстан тамыр алған бәйтерек,

Іле жердің құшағына еркелеп.

Алашшылар ізіменен шоқ басып,

Ғұмырыңнан кеттің әттең ертерек.

       

Тура түйреп саясаттың семсерін,

Ақынына артқан екен ел сенім.

Тар заманның маңдайына симаған

Ұрпағының ойлап кеткен ертеңін.

       

Тоз-тоз болып, ашығып тозы шыққан,

Кезең еді, жас төгілген таңғы шықтан.

Тығырықтан шығатұғын жолды сілтеп,

Таңжарық бабам еді, озып шыққан.

 

Тәуекелге басын тіккен арысым,

Кірпік ілмей қалың елдің бағы үшін.

Ақиқатты арқау еткен жырларың

Ұрпағыңның санасына дарысын.

 

Туған жердің көктемінде шуағы,

Тау бөктерін толқынды жел қуады.

Қос жеңгені күмбірлетті үніңіз,

Сол үніңнен сағыныш жыр туады.

 

Өткердің сезімді күн, төзімді айды,

Ұрпағың сізден табар сөз ыңғайлы.

Түрменің тәлкегіне бағынбаған,

Ойлау ерлік, сіздегі төзім жайлы.

 

Тебіренткен туған жерді қайран бабам,

Ерлігіңе тәнтімін қайран- қалам.

Сізді ұмыту мына ұрпаққа ауыр күнә,

Өр Алтайда ізің жатыр сайраңдаған.

 

Ғажайып сыршылдықпен еркелесіп,

Қара өлеңі сол заманмен тұр кеңесіп.

Алашым-деп,ақырған жан айқайың!

Көкте ұшады бұлттармен бірге көшіп.

 

Қазақ деп таң атырған алтын арай,

Ел мұңын жоқтағанда қалтырады-ай.

Тәкең басқан топырақ қалай жатсын,

Батыр ақын ізімін -деп, жалтырамай.

 

Ақ қағазды бояған қаламыңдай,

Қараңдайды түннің мақпал балағындай.

Қалың қайғы ортасын, тіліп өткен,

Ғұмырыңыз құс жолының жолағындай.

 

          Абыз бабам, ардақтысы алаштың,

          Келешекке жыр керуен жол аштың.

          Сәуле шашып таңмен бірге оянып,

          Азаттықтың айбарымен таластың.

 

Куәгер ғой құдіретіңе бұл аспан,

Өлеңдерің өр шындықпен ұласқан.

Белгілі ғой жазған хатың алашқа,

Ұлы жердің кеудесіне гүл ашқан.

 

Ту дегенің тәуелсіздік тұмарың!

 

Алтын қыран қалықтаған көк аспан,

Осы менің көк байрағым жарасқан.

Ою өрнек алтыннан да салыпты,

Ашық аспан алтындармен таласқан.

 

Көк аспаным бейбітшілік бесігім,

Келешекке айқара ашып есігін.

Мәңгілік ел мұхитына жүзетін

Жаратқаным төге берсін несібін.

 

Көк туым сен бәрінен биіксің,

Желбіреген жүйрік тұяқ киіксің.

Текті қыран қанатына мініп-ап,

Алтын күннің сәулесіне тиіпсің.

 

Тек қазақтың көк туы боп желбіреп,

Ұлың тұрса ту астында елжіреп.

Мәңгі жаса құламасын құлашың,

Бақыт бағы тағы міне келді деп.

 

Көк туыңмен ар намысың өлшенер,

Нағыз ерлік намыс үшін өлсе егер.

Көк байрақтың абыройын асырған,

Елбасым бар ертеңіне ел сенер.

 

Мейлі ақын бол, мейлі ұлы дана бол,

Мейлі батыр, мейлі қыз бол, бала бол.

Көкке өрлетіп, ұстау үшін туыңды,

Ең бастысы оза шапқан дара бол.

 

Ғұмыр берсін көк туыма мәңгілік,

Тәуелсіздік ата берсін таң күліп.

Алтын қыран, алтын күннің сәулесі.

Әр қазаққа сыйлағандай мәңгі үміт.

 

Ту дегенің тәуелсіздік тұмарың,

Ту дегенің бар айтылар ұраның.

Ту дегенің тек биікте, тек көкте,

Ел үмітін арқалаған қыраның.

 

 

 Мекені бұл мәңгіліктің қаласы!

(Астананың 20 жылдығына тарту)

 

Самал ескен Сарыарқаның даласы,

Сылқып аққан ерке Есілдің сағасы.

Астанасы бой көтерді қазақтың,

Мекені бұл мәңгіліктің қаласы.

 

Көк күмбезді, көрінеді ақ ордам,

Әділетті саясатта әр олжам.

Нұр саясат нұрландырып елімді,

Қазағыма құт дарыған бақ ордам.

 

Салып кеткен жұмыртқасын самұрық,

Кемеңгерлік ойдан туған сан ұлық.

«Бәйтерегім» Астананың жүрегі,

Алыстасаң кетесің бір сағынып.

 

Неткен сұсты айбарлы еді хан шатыр,

Өткен күннен ағытылар қанша сыр.

Шатыр асты хандарымыз бас қосқан,

Тарихыммен сабақтасар мән жатыр.

 

«Думан» іші шат күлкісі сәбидің,

Ойын қуып бүлдіршіні әр үйдің.

Мұхит-теңіз маржандарын табасың,

Жақсылыққа жігеріңді жанитын.

 

Пирамидам бейбітшілік келісім,

Татулықтың талқылайтын ел ісін.

Жүз отыз үлт бір шаңырақ астында,

Көгершіндер бейнелеп тұр белгісін.

 

 

Әлем жұрты болды көріп, қарап таң,

«ЭКСПО» - ға жиылдық шартараптан.

Ғаламшардай нысаналар бой түзеп,

Бар әлемнің көрмелерін таратқан.

 

Күннен – күнге тауып жатыр бастама,

Дос сүйініп, қарар дұшпан жасқана.

Жиырма жылда жеткен көр сен оның,

Қандай ғажап қандай сұлу астана.

 

Оставить комментарий:
Captcha