Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Ерзат Төлеш

Ерзат Төлеш


Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, 3 курс.

Таңжарықтың монологі

 

 

Ақын қылып жаратқан мені Құдай,

Аңсарым – Күн, түнекте серігім – Ай.

Таң атады, мен таңның шапағымын,

Тұрмайды тұманданып өмір ұдай.

 

Мен ақынмын, жалғасы ұлы Абайдың,

Мен жырласам көл толқып, тынады –айдын.

Мен Алаштың ұлымын, Аллаға құл,

 Артық дәулет басқалай сұрамаймын.

 

Мен ізімін Ақыттың, Шәкәрімнің,

Ыбыраймын, Мағжанмын, аталы ұлмын.

Қорықпан Батыраштың балтасынан,

Құлагермін баптаған Ақаныңның.

 

Мен Таңымын – тас-түнек тас ғасырдың,

Хаққа жақпын, қараның қастасымын.

Мен шығстан бүрлеген гүлзарыңмын,

Жемісімін шайырлар бақшасының.

 

Міржақып боп оятам халқымды мен,

Ахмет боп нар жүгін артып жүрем.

Ән саламын Әсеттей қалықтатып,

Жұртымның қаймағы боп қалқып жүрем.

 

Жасыта алмас жанымды шынжыр темір,

Бүлік етпеймін терімді бүлдірсе құр.

Рухым барда бас имен ұрсадағы,

Тас көмірдің шоғына күйдірсе-дүр.

 

Көбеме ши тық мейлі, үрпіме де,

Шыңдығым, менен бірақ “сый” тілеме.

Ағайынға айтылар жыр күт менен,

Құрығыңа түсетін күй тілеме.

 

Мұқалта алмас мұң шерткен тас қоғамың,

Намысым – өр, рухым – шың, асқақ – арым.

Қырсау сал, ұлтанмен ұр… шындығымнан

Тандыра алмас Шың Щысай бәтшәғарың.

 

Таны мені, мен – Таңмын, таңда туғам,

Қара қоғам кеудеме қан қатырған.

От жырымен оятар осы өлкені,

Кегін алар кем күннің – тар ғасырдан,

Жолдыбаев мен болам таңда туған.!

 

 

Атадан мұра

 

Сағынышымды сары уыз таңға жасырып,

Өткеннің тұрмын қиял жібіне асылып.

Ұластырып ап өкінішімді өксікке,

Аңсадым-ай кеп ақтаңдақ күнді “аһ” ұрып!

 

Шыланып үнсіз, тоқтаусыз шыққа кірпігім,

Үйірдім оймен ұлы даланың ұршығын.

Сарылып жүріп сан іздеп қайттым Сақ, Ғұнды,

Шарладым шаңдақ ұлы даласын Түркінің.

 

Үйсіндер елін, Оғыздар елін аралап,

Жүгіре бердім Орхонның бойын жағалап.

Орманды кездім, ойпаңдар жүрдім ғажайып…

Ойсырадым көп ойларға батып ғаламат.

 

Қобыз ішегі Қорқыттың тартып мұң-шерін,

Көкірегімді көкжалдар үні бүрсе мың,

Шанағынан күй сорғалап ата тарихтың,

Сөйледі өксіп Тоныкөк, Білге, Күлтегін…

 

Мағолстанның маң даласы ашып құшағын,

Айығар сәті Абадан елден құсаның.

Жәнібек, Керей Қазақтың туын тіккенде,

Асанқайғы кеп хандықтың кескен тұсауын.

 

Керуен де, керуен кербез далада көшіп мың,

Ескек жел емес, ен даласында есіп мұң,

Абатты алап қалдырған бізге хас бабам,

Аттың жалында, атан қомында кешіп күн.

 

Қалқан ғып жауға – қара қорымын, жартасын,

Алатау демеп, Қаратау сүйеп арқасын,

Парақ қып – жерді, боздақтар қанын – сауыт қып,

Қылышпен сызған Атырау-Алтай кәртасын...

 

Қайратты ердің қапалы жүзін қан жуып,

Қайсар ананың қасаң кеудесін қайғы үгіп,

Қажытқан талай қасірет – қайсар Қазағым,

Қалқта енді Қырандай көкте МӘҢГІЛІК!

 

 

аңсау

Күлдір де, күлдір күреңді мініп,

Көсіле шапқан күндерді аңсадым.

Жүретін жортып, түн қатып жігіт,

Бөрі соқпақты сүрлеуді аңсадым.

 

Қабағы қату қаланы қойшы,

Қасатқа малтыр даланы аңсадым.

Қайырсыз байдан бағалы – Қойшы,

Қара шалы көп Қазақ аңсадым.

 

Қайтейін ессіз темір пырақты,

Ер қанаты дер Тұлпар аңсадым.

Көлденең тартса семіз Құр атты,

Жортайын бұғы жусаған тауын.

 

Мәңгі емес ғұмыр, бітпейді тірлік,

(Өмірге адам кетеді келіп).

Мінейін-дағы желқанат жүйрік,

Желменен бірге кетейін еріп...

 

 

Оставить комментарий:
Captcha