Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Ер Төстік
Рейтинг: 0.000

Ер Төстік - қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ежелгі үлгісі. Мазмұны мен сюжеттік құрылысының, кейіпкерлері мен іс-әрекетгердің сипатынан Ер Төстік ертегісі архаикалық мифтің, хикаяның, қиял-ғажайып ертегілердің қасиеттерін бойына молынан сіңірген. Ер Төстікте алғашқы қауым адамдарының ырымдары мен әдет-ғұрыптары да кездеседі. Мыс., Төстіктің жер астына түсіп, үстіне шығуы, оның Шойынқұлақпен айқасуы шамандық көзқарасқа тән түсінікті бейнелейді. Ер Төстікте классик. батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Көркемдік жағынан Ер Төстік қиял-ғажайып ертегі мен батырлық жырдың элементтерін кең пайдаланған. Төстіктің көмекшілері де ескі діни сенімдер шеңберінде туып, кейін көркем бейнеге айналған. Мыс., Шалқұйрық - тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын кясиетті жануар, Төстіктің көмекшісі, ақылшысы. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Тау-соғар, Көлтаусар сияқгы кейіпкерлер-мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың иелері болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипаталып, достар осындай болса екен деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған.

Самые читаемые