Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Жақсыбек ҚАҚАН


1984 жылы Қытайға қарасты Алтай қаласында дүниеге келген. Атажұртқа келіп Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мелекеттік университеті филология факультеті бакалавры болды.  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті филология магистранты атанды.

Ауылға не деп барамын

Ауылға не деп барамын,
Ақырғы дұға дарымай
Арыны талса бабамның
Ар кіндік, жайған жаялық
Ақ саусағы талса ананмның
Әжімі кірген шағында
Ақ самайы жұтып жаулығын
Санап бір өтсе әр күнін
Мен не деп барам ауылға?
 
Мен не деп енді барамын,
Қылышын да асынбай
Қырқа бір шауып басылмай
Қырққа жасы келмеген
Қылтасын қиса ағамның.
Аңқылдап ерген артымнан
Ақылдан кейде артылған
Алдыңа түспей сонда да
Әдебін сақтап тартынған
Жан туған бірге бауырың
Талабын шақса тар тұман
Мен не деп барам ауылға?

Асылдан туған әдепкі,
Ауылды жүрген сән етті.
Жадырып жарқын күлгенде
Жаңғырық дүние тән етті.
Үкідей болған жан әпке
Жарына жауап бере алмай,
Жарығын кім кеп кем етті.
Толқысып өскен бұралып,
Ойынан ісі құралып.
Бойжетіп қалған қарындас
Боламын деп жүргенде
Болмас бір кілтең іс үшін
Құрыққа кетсе ілініп
Мен не деп барам ауылға?

Ауылдың кеткен күйісі,
Арман не, болса Алла ісі.
Баруға ниет болса да
Ауылда күйік қанша ма
Сұм заман қысып қамытын
Бабамыз көрген қорлықты
Қайталап ұрпақ арыса
Келмейді қалай намысың.
Ай аман, күн тынышта
Ұйқысын бұзса ауылдың
Мен қалай барам ауылға?

Бара алмай қор боп дәл мендей
Ар жаққа көз сап телмеңдей
Атадан бірге туысқан,
Туысқан жұртың бұл күнде
Саясат үшін суысқан
Нүктесін де қоя алмай,
Болмаса қотарылып бой алмай,
Ширыққан қанша жүректер.
Ойламайын десе қоя алмай,
Арт жақта қалған ел-жұрттың
Амандығына бір тоя алмай,
Тілдесерге тіл хат жоқ!
Кәпірден пәрмен рұқсат жоқ
Сақау-мылқау адамдай
Мылқау қылған қоғам-ай!
Осының бәрін білеміз
Күнде естіп, көріп жүреміз.
От ортасы Өр Алтай, Тарбағатай, Ен Іле
Ол жақта жатқан қазақтың
Хал-жағдайы тым нашар
Ал, не дейсің ағам-ай!
Мен не деп ауылға барам-ай!




 

Оставить комментарий:
Captcha