Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Мұсабек СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ


Мұсабек СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шоманкөл ауылы.

                                                                                     

 

Қарт ауылым

 

Қарт ауылым,
Қайда ұлың ?
Қайда балаң?
Ауыл жаққа жол сілтеп ай да маған.
Маңдайымнан самалы иіскеген
Таңдайымнан өлеңін аймалаған.
Оған бармай мен, сірә қайда барам?

Қайда кетем,
Білмеймін, жар салам ба?
Шаршы алаңда, бәрінен шаршағанда.
Ауыл – соңғы сапары адамзаттың,
Адамдықтың иісін аңсағанда.

Әсем ауыл
Көркіңмен көзімді өптің.
Сәби-дәурен кезеңді өзіңде өттім.
Болашақтың таңдарын күтіп жүріп,
Бала шақтың бақытын сезінбеппін.

Бақытты емес уақытты, демес толық,
Ауыл ғана, сол – пана, көмескі ол – ық.
Балалығым ойнап жүр көз алдымда
Елес болып.

Қысына да қызығам, жайлауға да.
(Жамандықты жайым жоқ ойлауға да).
Құлагердей ғұмырым зулап барад(ы),
Батыраш та балтасын сайлауда ма?!

Ерте деме, жайым жоқ уақытты ұғар.
Таға алмаспыз мәңгілік жақұт тұмар.
Ауылынан топырақ бұйырғандар,
Осылар – бақыттылар.

 

Бұлты қимас тауларын бұл Баянның

Туған жер, өр тұғырлы тұлғаң да әсем.
Думан да – сен,

Тірек боп тұрған да – сен.
Жұбанбас ем,
Жұмыр бір топырағыңа,
Кіндік қаным тамбаса, қуанбас ем.

Сабырлы көл ашпаған сырын әлі,
Сабындыкөл толқыны,
Сұлу әні.
Жел итеріп жоғалар жағалаудан
Жел тербетсе қайтадан туылады.

Қызылтауым, қариям, сайдағы алып.
Әулиенің суына
Ай қамалып.
Желтауымның іргесі жел қағады,
Желіп жеткен бұлттарды байлап алып.

Серкетастың басына сұр бұлт түскен
Ақын ұлын ақырын,
жыр қыпты іштен.
Күндерім де ұқсайды тастарыңа,
Ақбеттаудың басынан сырғып түскен.

Сырғып түскен тамшыдай жанардағы,
Мөп-мөлдір көл,
Жасыбай, жан ардағы.
Тамар тағы талайдың кіндік қаны,
Алқалаған Алаштың бар арманы.

Алқалаған Алаштың арыстары,
Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек барыс бәрі.
Жан ұшырар ел десе,
Қанышы бар,
Танысып ал, атағы ғарыштағы.

Біле білсең ақынның майданы – жыр,
Қойнауында қаламның байланып сыр.
Бұлты қимас тауларын бұл Баянның
Бақ та кетпей басына байланып жүр.
Бақ та кетпей басында айналып жүр.

 

                                                               

Оставить комментарий:
Captcha