Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Арнайы жобалар
Арнайы жоба «Аудармалар»
Ақын Низами Зөхрабидің өлеңдері

16 мамыр 2016 1416

Ақын Низами Зөхрабидің өлеңдері

Негізгі тіл: Ақын Низами Зөхрабидің өлеңдері

Бастапқы авторы: Низами Зөхраби

Аударма авторы: Қайрат Дүйсен

Дата: 16 мамыр 2016




şiir. өлең.jpg


Сары келін


Гүл біткеннің түсіндегі,

Ұнатқаным сары менің.

Мың сұлудың ішіндегі

Таңдағаным сары келін.


Орта бойлы, қыпша белің,

Тілің тәтті, ернің шырын.

Қандай сұлу ішкі әлемің,

Айтар болсам сөздің шынын.


Жалт еткенде нұр жанарың,

Іштегі шоқ қалды жана.

Үзбек болдым бір дана гүл,

Ғашық бағынан мен дуана.


Тағдырдың бар жазғанымен,

Жүрегімді алдың жаулап.

«Еркелет» деп наз да қып ең,

Ғұмыр кештік жанды баурап.


Кірпігіңді көкке қадап,

Мас қылады қарағаның.

Түйген шашты төк те ғажап,

Кеудемді кеп ора жаным..


Құшағыма ап сені өпкенде,

Жанар от боп жаным менің.

Сөне қоймас бұл от кеуде,

Қармен көмсең дағы, келін.


Өр кеудесін оққа тосар,

Жан аямай ессіз ғашық.

Өн бойынан ақса да қан,

Саған барар көңлі тасып.


Азап көрдім талай менде,

Сен де азаптап таны мені.

Ал сонан соң жарамды емде,

Таңғы шықпен, сары келін.


Күю үшін жаралғандай

Қайғыменен доспын, дер-ем.

Жыртқыш құстар жаман қандай,

Шірік етті ас қып жеген...


Күріш болған сүйген асы,

Зохрабтың бал өмірі.

Сенсің оның бал арасы,

Мәңгілік жар – сары гүлі.




Менің даңқты қаңдарым


1990 жылдың қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні 

Кеңес әскері Туелсіздік пен азаттықты аңсаған бейбіт халықты өлтірді.


Сенім менен қаруға,

Жекпе-жекті қалдырған.

Азаттықты алуда,

Кеудеде үміт жандырған,

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Жалған жанашыр болып,

Жалған бізді аяпсың.

Қоңырауды аласұр соғып,

Түркі жұртын ояттың.

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Біздер бұрын жеке едік,

Разы емес-ті баба-рух.

Қол астынан жат елдік,

Бірлік бердің дана қып,

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Көктей солып қанша гүл,

Аспан дағы бозарды.

Қаныменен қаншаның,

КП тапты ажалды, ...

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Қаралы күн аууда,

Түркменчай, Гүлстаннан да.

Қанжар сұғып жауыма,

Қанмен жаздың дастанды.

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Қайғы шыңы сен болдың,

Уақыттың сыны да.

Қызыл түсі сен болдың,

Кеп жағылған туыма.

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Сені қара демеймін,

Түнек жарық болар ма?

«Жангім» айтар көмейім,

Бастар бізді ол алға,

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Талай қыс, көктем өтер,

Дінаманда саз сөзі.

Жаңғырып көктеп өтер,

Тарихымның бас, көзі,

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!


Ең алдыңғы саптасың,

Әділдіктің жолында.

Түрік, Тұран – қақпасы,

Бірлік сенің қолыңда,

Менің қанды қаңтарым,

Менің даңқты қаңтарым!




Бәйіттер


Алыстан қарап ең маған,

Ғашық боп ауырдым содан.

Сен де сүйіп қап мені,

Жаныңа салдың алаң.


***


Дерттімін, күтіп сенен жатқан мейірім,

Аңсаумен кездесудің шырын сәтін.

Мойныңа асылып гүл тақсам деймін,

Күн туып үн-түнсіз-ақ ұғысатын.


***


Ендірші жаныңа,

Мені аңсар сезімді;

Жолатпас маңыңа,

Өзге бір өр үнді.


***


Әнге ессіз еритіндей,

Сені сонша сүйдім мен.

Жаңбыр жуған жер иісіндей,

Сені сонша сүйдім мен.


***


Жүрек күнде күресуде,

Жасырмақ боп көзімнен не!?

Бөлмен мұны, білесің бе,

Өзге түгіл өзіммен де.


***


Қайдасың деп сұрамашы,

Қалайсың да демеші.

Түнге айналдым, күнарасы,

Таңы атпайтын келесі.


***


Сен кеткелі күйіп ішім,

Отты басар суға зармын.

Көзіме жас үйіріп шын,

Өмірімді уға малдым.


***


Түйісіп баққан кезде көздеріміз,

Ұялып көкті қармадың,

Бекем бол. Тек саған, өзгеге емес,

Жанымды ұқтыра алмадым.


***


Қор қылма өзіңді тұншығып жасыңа,

Сүюден жолым еш болмады деме.

Ай жүзіңді ұнаттым, ынтығып қасыңа,

Өзіңдей жар құшу арманым еді.


***


Көз жасым жанарымның сұлулығы,

Ақ жүзім сұр бұлттай түйді мені.

Ғашықтың жанды өртесе жылулығы,

Ал, сенің салқындығың күйдіреді.


***


Әдетте талмайтын жақ семіп қалды,

Тіс қақсап, аузымдағы тіл дірілдеп.

Сенсіз от жалындаған сөніп қалды,

Келші енді, аңсауда ішкі күй күбірлеп.


Көп оқылғандар