Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

25.05.2016 5570

"Масғұт"

Автор: Абай Құнанбайұлы
Түсінік: Ділнұр Мұқият

      Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озбақ  деген  хакім  Абайдың  сөзіне  бұл  поэмасы  дәлме-дәл  дәйекті    ғибрат  мысал  ретінде  берілген.
      Ежелгі  Харуан-Рашид  халифа    заманыны  кезінде,  Бағдат  шаһарында  Масғұт  атты  жігіт  көше  бойын  аяңдап  келе  жатып,  сұмақы  ұрының  дәрменсіз  шалды  тонап  жатқанын  көзі  шалып  қалады.  Ойланбастан  ұрыға  тап  беріп,  өзі  ауыр  жарақат  алғанына  қарамастан  шалды  бір  ажалдан  аман  алып  қалады.  Дән  риза  болған  шал  Масғұтты  тау    басындағы  бір    ағашқа    ертіп  барып,  ондағы  өсіп  тұрған  үш  түрлі  жемісті  нұсқайды  да  :"Ағын  жесең-ақылыңнан,  сарысын  жесең-байлығыңнан,  қызылын  жесең-әйеліңнен  асып  түсер  пенде  болмас,  қалауыңды  алғайсың  балам"-деп  бір  тілегін  орындамаққа  бекінеді.
      Масғұт  ұзақ  ойланып,  жалғыз  өзім  ақылды  болғаннан  не  пайда?  Егер  дүйім  халық  надан  болса,  бәрі  бір  мені  түсінбес.  Егер  бай  болсам,  қызғаныштан  дұшпаным  артып,  күндестерім  көбейері  хақ.  Одан  да  ашу  шақырғанда    басу  айтып,  өзгелермен  ынтымағымды  жарастыратын  әйелім  болғаны  дұрыс  деген  байламға  келеді.  "Бәрекелді  шырағым,ақыл  мен  дәулет  өзіңде  онсызда  бар  екен!"-деп  манадан  өз  атын  жасырып  тұрған  Қыдыр  ата  ақ  батасын  беріп  кетеді.
     (Түйіні: Дүние  дөңгелек,  кез-келген  істің  өз  қайыры  бар.)

    Күндердің  бір  күні  Масғұт  уәзір  атанған  шағында,  түсіне  Қыдыр  кіріп:"Пәлен  күні  жауын  жауады,  жеті  күнге  ұласатын  сол  жауын  суынан  кесапат  келер,  алдын  алып,  қамын  жегейсің  шырағым"-деп  аян  берді.Ояна  салысымен  хабарды  тізгін  ұшымен  ханға  хабарлайды.  Мұнан  соң  хан  ордасы  жетерліктей  етіп  таза  судан  қорға  сақтап  қояды.

    Айтқанындай  көп  ұзамай  жауын  жауып,  әр  тамшысы  тиген  өзен-көлді  лайлап  жатты.Судан  ауыз  тиіп,  бір  күннің  ішінде  ақылынан  алжасқан  жұрт  тамақ  ішу  мен  ұйқыны  ұмытып,  хан  ордасына  басып  кіреді.  Халықты  сабырға  шақырып  ақыл  айтпақ  болған  ханды  есірген  жұрт  жындыға  балап,  іс-шара  қолдануды  ойластырады.  Сөйтіп,"Ханымыз  жынданды,оны  өлтіруіміз  керек"деп  хан  ордасына  екінші  мәрте  басып  кіреді,  мұны  көріп  қатты  сасқан  хан  мен  уәзір  ақыл  таппай,  не  істерін  білмей,  ақырында  өздері  де  жынды  суды  ішіп,  жынданып  кетеді.  Мұны  көріп  жынданған  халықтың  жаны  жәй  тауып,  қателескен  екенбіз  деп  сабасына  түсіп  хан  ордасынан  тарасады.

      (Түйін: Көп  есер  бір  естіні  жынды  қылды,  дәл  осы  мысал  сияқты  көптің  сөзіне  еріп,  хақтың  жолынан  таятындар  қаншама?)

Көп оқылғандар